Есік обасынан шыққан «Алтын адамның» сақ мәдениетінде алатын орны. «Хайуанаттық таңба»



бет4/5
Дата03.05.2023
өлшемі0,7 Mb.
#89407
1   2   3   4   5
Байланысты:
арт обрз бейнелеу

Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркемсуретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.

  • Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркемсуретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.
  • Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңаболса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет