«ESIL UNIVERSITY» Мекемесі
«Бизнес және басқару »Факультеті
«Менеджмент» Кафедра
Өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕП
«6В04102 ББ – Мемлекеттік және жергілікті басқару»
«Баянауыл ауданы әкімінің аппараты»
(мекеме атауы)
Студент Үкітай Дәрия Ардаққызы
Мекеме жетекшісі Талипов Қ.Қ
(қолы)
Кафедраден ___________________ А.Ә.Т.
(қолы)
Қорғады:______________
(баға)
Комиссия мүшелері
:______________ А.Ә.Т.
(қолы)
______________ А.Ә.Т.
(қолы)
______________ А.Ә.Т.
(қолы)
|
Күні 27.06.2022
Нұр-Сұлтан 2022
Мазмұны
1.Кіріспе
2.Мемлекеттік мекемеге қысқаша мінездеме
3.Студенттің өзіндік жұмыс
4. Қорытынды
Кіріспе
Мен Үкітай Дәрия Ардаққызы өндірістік тәжірибемді Павлодар обылысы “Баянауыл ауданы әкімі аппарында” өттім.Тәжірибенің өту аралығы 06.06.2022-24.06.2022. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекеменің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен танысу. практикада басқарудың барлық белгілі қағидаттарын қолдану, басқарудың әзірленген ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастыру-технологиялық базасын пайдалану, мемлекеттің экономикалық стратегиясын, экономика салалары мен өңірлердің қалыптастыру, ағымдағы қызметті стратегиялық жоспарлау және жоспарлау, олардың орындалу тиімділігін талдау және де теориялық алған білімімді іс жүзінде көру.
Мемлекеттік мекемеге мінездеме
"Баянауыл ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
Жалпы ережелер
1. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Баянауыл ауданының жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бағынышты ведомстволары жоқ.
3. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі
6. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140300, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45.
10. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат акима Баянаульского района".
Достарыңызбен бөлісу: |