«esil university» Мекемесі «Бизнес және басқару»Факультеті



бет5/10
Дата15.06.2023
өлшемі50,41 Kb.
#101669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
9) аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану және оны алу туралы аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізеді;
10) аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін, оның тапсырмаларын орындауға, “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі құжаттарының өтуіне бақылау жасау жұмысын үйлестіреді;
11) “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
12) ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
13) “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің шығыс сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын жұмсайды;
14) “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін және техникалық қызмет көрсететін қызметкерлерді көтермелейді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
15) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді;
16) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің аудандық мәслихатпен, аудандық сотпен, аудан прокуратурасымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет жасауын қамтамасыз етеді;
17) аудандық мәслихаттың мәжілісіне қатысады;
18) әкімдіктің, кеңес беру органдарының мәжілістерін дайындауды үйлестіреді;
19) аудан әкімінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру жұмысын жүргізеді;
20) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесін ұсынады;
21) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі мен аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі мен аудандық жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты”
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер (ақшалай кірісті қосқанда) есебінен қалыптастырылады.
29. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты”
мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет