Әскерді сумен жабдықтаудағы санитарлық - гигиеналық бақылау 3- Сабақ І. Тақырыбы: Далалық сумен жабдықтаудың табелдік құралдарын зерттеу. Дала жағдайында судың сапалылығы мен тазартылғанын санитарлық гигиеналық бақылау.
II. Сабақтың мақсаты: Далалық және стационарлық жағдайда әскерді сумен жабдықтаудағы алған теориялық білімдерін бекіту.
Далада сумен жабдықтауда табельді құралдарымен танысу.
Су көздерінің тексеру ережелерімен танысу және қорытынды жасай білу.
Дала жағдайында су сапалылығына бақылау әдісін игеру керек.
Далалық жағдайда суды хлорлауды үйрену.
ІІІ. Сабақтағы студенттердің өзіндік дайындаудағы тапсырмасы: Стационарлық және далалық жағдайда сумен жабдықтауда санитарлық-гигиеналық бақылауды ұйымдастыру.Дала жағдайында табелді құралдармен танысу. Дала жағдайында су сапасына бақылау әдістерін және залалсыздандыруды игеру.
Бақылау сұрақтарының жауаптарын дайындау: 1.Стационарлық және далалық жағдайда әскерді сумен жабдықтауды санитарлық-гигиеналық бақылауды зерделеу. Сумен жабдықтау нормасы.Су сапасына қойылатын талаптар.
2.Далалық жағдайда әскерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру.Су көзіне барлау, су мен жабдықтау нормасы.Су сапасына қойылатын талаптар.
3.Сумен жабдықтау пункттері, су бөлетін пункттер.
4.Пайдаланатын құдықтар және құрылыстық ережелер.
5.Судың патогендік микрофлорамен ластануының жанама көрсеткіштері.
6.Дала жағдайында су сапасын анықтау әдістері.
7.Дала жағдайында сумен жабдықтаудың табельдік құралдары: су шығаратын құралдар,оның сапасының жақсы болуын, суды тасымалдау.
8.Стационарлық және дала жағдайында әскерді сумен жабдықтауды бақылаудағы медициналық қызметкерлердің міндеттері.
IV. Жұмыс мазмұны және өткізу реті: Далада сумен жабдықтауда табельдік құралдармен танысу.
Суды алатын құралдар - ұсақ трубкалы құдық (МТК-2); шнекті механикалық құдық (МШК-15); жер асты суын алатын қондырғыны (УДВ-15) орнату;
Cу сапасын жақсартатын құралдар: маталы көміртекті сүзгіш (ТУФ-200); әскери сүзгілі станция (ВФС – 2,5); модернизацияланған автосүзгішті станция (МАФС -3); жылжымалы су тұщытатын қондырғылар(ПОУ-4); су тұщытатын станция(ОПС).
Суды сақтау және тасымалдау құралдары: су қоймасы 12;100;1500;5000 литрлі (РДВ-12); су автоцестерналары (АВЦ-28,АВЦ-15); тіркемелі цистерна (ЦВ-50).
Құдықты пайдалануына қарай құрылымын зерттеу және қорытынды беру.
Судың органолептикалық және физико-химиялық қасиетін анықтау (мөлдірлігі,түсі,иісі,дәмі, рН,азотты амиак,азотты нитрит, қышқылдануы,жалпы тұтқырлығы,хлор ионы,темір ионы).