Казармадағы жасанды жарықтандырудың нормалары 2- кесте
Бөлменің барлық бөліктерінде орналасқан су тұратын кіші бактардың аузы жабық, құлыптаулы, әрине су ішуге қолайлы құралдар мен жабдықталса да болады.
Рота орналасқан әр бөлмеде аяқ киімді тазалайтын, темекі тартуға арналған орын, қол жуғыштар, аяқ киім мен киім- кешек кептіретін, санитарлық бөліктермен қатар біріктіріледі. Жуынатын бөлмеде 5-7 әскери қызметкерлерге арналған су краны болуы ескеріледі. Осы бөлмеде аяқты жуатын ағынды су жабдығы да болуы керек.
Жуып шайынатын, жинастыру бөлімінде 10-12 жауынгерлерге арналған ағатын бір су көзі орыны да ескеріледі.Сыртқы әжетхана, тұрмыстық, асхана, аспазхана, наубайханадан тыс, 75 м-дей алыс,су сіңірмейтін сыртқа төгілетін қоқыстарды шығаратын шұңқыр орналастырылады. 25 адамға есептелген бір саңлаулы және арасы 0,5 м зәр шығарымға арналған несеп ағар болуы керек. Бөлмелерде тазалықты толық сақтау үшін ротның күндізгі кезекшілігіне тапсырады. Жалпы казармалық тазалық үшін, ротаны аға кезекші аптасына бір рет жинастыруды басқарады. Медициналық қызметкерлерлердің міндетіне пәтерлердегі гигиеналық бақылауды сақтау, казарма бөлмелерінің, ауаның тазалығын сақтау кіреді.
Әскердің далалық қоныстануы
Дала жағдайында жеке құрамның орналасуында ( елді пунктте) белгіленген ауданды алдын ала барлау жүргізуден бастайды.Ол үшін бөлім командирі, боліше командирдіңі тыл жөніндегі орынбасары, инженерлер мен медициналақ қызмет бастықтарын жұмылдырады.
Әскердің далалық қоныстануында командирдің тыл жөніндегі орынбасары, тұрғызылып салынатын тұрмыстық және шаруашылық құрылыс бөлімшелерін көлікпен және табелдік мүліктермен қамтамасыз етеді.
Инженерлік қызмет бастығы жеке құрамға , далалық құрылыс және шаруашылық үшін жәй құрылыс салуға нұсқау береді, бөлімшеге техника, табелдік құрал- жабдықтарды, құрылыстық жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді
Медициналық қызмет бастығы бөлімшедегі құрылыс үшін – жер телімін таңдайды, онда орналасатын үй –жәй, шаруашылық құрылыстарын бақылай отырып ескертулер жасайды, ағымдық бақылауда бригаданың орналасқан ауданын, санитарлық күйін, ондағы бөлмелерге, шаруашылық қызмет, монша- жуыну орындарының, жеке құрам үшін қызметін сол күй жайдағы қоғамдық тазалықты сақтау ережелерін бақылайды.
Далалық жәйдың салынуы, типтік жобаға сай, жер телімінің құрғақ жерлеріне (сызбасы мен сұлбасы) су көзіне, жолға жақын, өндірістік объектілерден алыстау, су көзінің ластануын болдырмайтын, оны қорғауға, сақталуына ыңғайлылық болатындай болуы керек. Ондай құрылысты тұрғызуда табельдік шатырлық мүліктер және қосалқы материалдар пайдаланады. Құрылыстың көзі бүркемелі, су ағып кететін ылдилау кішкене су ағар арықтары болады.
Жауынгерлердің д а л а л ы қ қ о н ы с т а н у ы н ы ң 4 т ә с і л і: оқу орталығы,бивактық, пәтерлік және аралас-бивактық немесе пәтерлік-бивак.(3-сурет)
Әскер оқу орталығында немесе тұрақты (стационарлық) орналасуда немесе оқу лагерлерінде қоныстанады.
Дамылдайтын орынға қоныстануда жергілікті жерге байланысты, әскерді уақытша орналасуына, ондағы тұратын және шаруашылық құрылысқа, жеке құрам ондағы табелдік мүлікті және қолма қол қолданатын материалдарды ұстайды. Әскердің қоныстануында марш кезінде, бөлімшенің демалу кезінде кешенді толықтырады, уақытша тиым салу кезінде пайдалануда болады. Пәтерлік қоныстандыру тұрғын пунктте, оқу жаттығу және демалу үшін пайдалынатын бөлмелер, пәтерлік орналасу бөлмелері деп аталынады.
Аралас, пәтер бивакта штаб әскерлері, медициналық пункт, шаруашылық және тағы да басқа бөлімшелер қоныстанады, ал оған қоса құрылыстық бөлімшелер мен техника жорық лагерлерінде болады.
Далалық тұрмыстық шатыр, аспалы тосқауыл, жертөле, қармен жабылған қоршалған орын, ал лагерь аумағында әр түрлі құрылыстарда болады (шаруашылық, тамақтанатын, далалық монша, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |