Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


-сұлба. Әскери бөлімнің гигиеналық қамтылуы



бет11/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   119
1-сұлба. Әскери бөлімнің гигиеналық қамтылуы.

гигиеналық норма және нұсқаулар арқылы атқарылады. Қаржылық-экономикалық іс-шаралар әкімшілік-техникалық және медициналық іс-шаралармен қажеттіліке қарай қамтылуы қажет . Осындай іс-шаралар тыл командирлерінің орынбасарлары және қаржы бастықтары әрекетімен іске асырылады.


Медициналық-профилактикалық сипаттағы гигиеналық, эпидемияға қарсы және емдеу-профилактикалық іс-шараларымен біріктіріледі. Бұл жерде санитарлық қадағалау мен бақылау үлкен рөл атқарады, оның орындалуын жеке құрамның гигиеналық қамтылуын әскери бөлімдердегі міндетті қызметкерлер атқарады.
Гигиеналық іс-шараларды соғыс және бейбіт уақытта да( гигиеналық тәрбие, санитарлық қадағалау, профилактикалық іс-шараларды іске асыру) әскери бөлімдердегі медициналық қызметкерлер атқарады, ол Қарулы Күштердегі әскер түрлеріне байланысты болады, оған сол бөлім қарайды; ауданның географиялық ерекшелігіне немесе әскери әрекеттердің енуіне; тылдың ұйымдастырылуына, тұтастай алғанда медициналық-гигиеналық қамтылуын қарайды, бірақ, әскери әрекет шешімдері әртүрлі. Гигиеналық қамту – ол әкімшілік- техникалық , қаржылық- экономикалық және медициналық іс-шаралардың жүйесі (сұлба 1).
Әскердің соғыс уақытындағы медициналық қызметінің гигиеналық қамтылуында мынадай әрекеттер ажыратылады:
- Әскер әрекеті, ұйымдастырылуы және санитарлық-эпидемиядағы барлаудың қандай ауданда орналасу жағдайын өткізу; сонымен бірге су көздерінің барлауына қатынасу;

  • Жылжымалы әскер түрлерінің медициналық қамтылуы;

  • Жеке құрамның әскерлік-медициналық қамтылуы: иондық сәулелену көздерінде, улы және агрессивті сұйықтықпен, сәулелену генераторларымен және басқа да зиянды әрекеттерімен әскери мамандардың гигиеналық қамтуда бақылау талаптарының сақталуы;

  • Жеке құрамдармен жұмыс істеудегі қорғануды бақылау;

  • Дала жағдайында әскерді қоныстандырудағы медициналық қамтылуы;

  • Жеке құрамның моншамен, жуынуының қамтылуы;

  • Жеке және қоғамдық гигиенаның орындалуын бақылау;

- Тамақтанудағы медициналық бақылау;

  • Дала жағдайында сумен жабдықтауды медициналық қамтамасыз ету;

  • Судың, тағамның және басқа да сыртқы орта объектілерін санитарлық сараптамадан өткізу;

  • Ұрыс алаңдарының санитарлық талапқа сай тазалануы медициналық бақылауда болады, жауынгерлердің мәйіттері, жарақаттан және аурудан өлгендердің жерленуі, сонымен қатар жаппай залалданған көздерді жоюдағы жеке құрамның санитарлық ережелерді орындауы.

Бөлімшелерде ( рота, батальон) жеке құрамдағы батальонның фельдшері және ротаның санитарлық нұсқаушылары гигиеналық қамтудағы бақылауды іске асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет