Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж



бет27/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119
3 – т а р а у
Әскерді сумен қамтуда санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Әскерді сапалы тұщы сумен қамтамасыз ету жауынгерлерге қолайлы жағдайды туғызуда атқарылатын ең маңызды шаралардың бірі. Әскерді сумен қамтамасыз етпеу тарихында, қалалар мен қамалдық бекіністердегі судың жетіспеушілігінен болған кемшіліктер жөніндегі мәліметтер баршылық. Осы тұрғыда қандай да бір кемшіліктердің болуы жауынгерлердің денсаулығына, өміріне қауіпті қатерді туғызуға себепші болады.
Барлық әскери объектілерді сумен жабдықтау жүйесі – орталықтанған және жергілікті (орталықтандырылмаған) жердің орналасу түрлеріне қарай салынады. Сумен қамтамасыз етуде орталықтанған жүйе бұл су жинаудың комплексті құрылыстары және имаратттары(сооружения), ондағы су қоймалары қоршалған, зарарсыздандырылған ішуге пайдалануға болатын, су алуға, керегіне жаратуға, көпшілікте пайдаланатын орталық болып саналады. Орталықтанбаған жүйеде су көздері – құдық, бұлақ, скважина (бұрғылау арқылы шыққан су көзі), ұңғыма.
Әскерді сумен қамтамасыз ету гигиенасы - физиологиялық, эпидемиологиялық, шаруашылық-тұрмыстық жағдайды анықтаған соң, судың сыртқы факторының бірі ретінде ғана қалыптасады. Денсаулықты сақтап және жауынгерлік қалыпты арттырудағы көптеген іс шаралардың ішінде әскерді сумен қамтамасыз ету ең маңызды орын алады. Әскерді қанағаттанарлықтай суды тауып жеткізуде, судың гигиеналық таза болуы міндетті.
Дала жағдайында сумен қамтамасыз етілуі, тыл жөніндегі командир орынбасары, инженерлік, химиялық және медициналық қызметтің бастықтарының іс-әрекетіменен шешіледі. Әскерде ішетін және шаруашылық қажетіне, жеке құрамның жуынуына, санитарлық өңдеулер мен іш киімдерді жууға кететін су шығынын дезинфекциялауға, зарарсыздандыруға, дезактивация техникасы мен қаруландыруға және басқа да материалдық құрал-жабдықтардың техникалық қажеттілігін қанағаттандырылуы қажет.
Әскердің ішетін және шаруашылық қажетіне пайдаланатын суы, суды қамтамасыз ететін, жабдықтайтын пункті (ЖСҚП), (ПСВ- пункт водоснабжения), әскери жеке құрамдардың әрқайсысында сумен қанағаттанарлық ететін штабтары болуы керек.
Жауапкершілігі бар адамдар суды қамтамасыз етуде: су көздерін барлау инженерлік тұрғыда ұйымдастырылады, сумен жабдықтау құрылысының болуына әскер мүддесі үшін, су құбыры жүйесі елді пунктерде болуы міндетті.
Инженерлік қызметтің бастығы – әрбір бөлімшелерді су көздерімен жабдықтау үшін,жергілікті тұрғындар тұрған жердегі су жүйелерін әскерге қажеттілігі үшін, су көздеріне барлау жасау,су жабдықтайтын ірі құрлыстарды салу,инженерлік қызметтің құжырына су жинау пунктерін, таза суды тауып тазалауға, пайдалануға берілуіне қажет болса жөндеу міндеті кіреді (6,7 кестелер) және бригаданың инженерлік қызмет бастығының штаты, техникалық қаражаты өндіріс құралдарының амалдарын жасауға су көлемін ұлғайтуға, молшылықпен қамтуға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет