Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


-сұлба. Әскери бөлімдегі тағамның гигиеналық бағасы және бағыты. Азықтың таратылуына гигиеналық баға беру



бет46/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119
Байланысты:
ӘГ.11.09.13

3-сұлба. Әскери бөлімдегі тағамның гигиеналық бағасы және бағыты.

Азықтың таратылуына гигиеналық баға беру. Барлық жағдайда қазандық үлес әскери қызметкерлерге тамақ дайындауда азық дұрыс таратылуы керек. Азықтың дұрыс таратылуы тамақтың өте дұрыс және рационды бөлініп берілуі. Бір адамға бір тәулікте берілетін өзіне тән нормалық үлеспен жеке табақшамен тамақты дайындар алдында береді. Тамақтың бөлініп берілуі ережеге сай, нормамен әр сыбаға, бір аптаға есептеліп құрастырылады, бөлім командирі тамақтың бөлініп берілуін бекітеді.
Азық-түліктің бөлініп таратылуының гигиеналық бағасы мынандай жолмен: қабылданған тамақ режимі әуелде негізделіп бекітіледі, онан соң күнделікті және аптасына табақтағы бірдей рецептурамен,ащылығы өткір және бейтарап тағамдар белгілі жиілікпен ,дайындалатын және суық ассортиментті (таңдама түрлері) дәмдердің қайталанып берілуі анықталады; одан әрі тамақ калориялығы бағаланады және жеке күндерде бөлініп берілуі тәуліктік норма үлесі астың қабылдануына (калориялық сыбаға қосындысы пайызбен есептеледі) қарай, құрамында белок,май және көмірсулары (рационның калориялық пайызы,жануар,өсімдік майлары есебінен жабылады) және белок,май, көмірсуларының ара қатынасы артады. Ас үй алды шаруашылығындағы (бөлініп берілетін график бойынша) қосымша азық түлікті пайдалану және басқа азық түлікпен айырбасталуының дұрыстығы тексеріледі, азық-түлік алмастыруында ай сайынғы орта есептегі шығыны болмас үшін белгілі есеппен бекітілген нормада өткізіледі. Алмастырылған азық-түлік,бөлімше дәрігерінің бақылауында болуы қажет,өйткені көрсетілген норма калориялық есеппен құрастырылады.
Ас үй, асхана сонымен қатар аспаздық үрдіс тағамдағы С дәруменінің құрамының санитарлық жағдайы бригаданың күнделікті бақылауында, БМР мүлікін пайдаланады, тіпті кішігірім лабораторияның болуы артық емес.
Мемлекеттік стандарт талабына сәйкес азық-түліктің сапалы бағасы, санитарлық эпидемияға қарсы взводтың (СПЭВ) лабораториясында,жеке медициналық отрядта т.б санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерде өткізіледі. Ол үшін СПЭВ, ЛГ-1 төсенішімен, гарнизон мен округ лабораториясында - ЛГ-2 гигиеналық төсенішімен жабдықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет