2- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар және қонақтар!
«Мектебім, саған мың алғыс!» » атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
/ Қазақстан Республикасының Гимні орындалады /
1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар
Амантоғай ауылдық округі әкімі - Ильясов Жұманияз Рақымбекұлы.
Амантоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Тапаев Жоламан Тапайұлы.
Мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы - Ибраева Айгүл Смағұлқызы .
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы - Искакова Гүлжан Айтжанқызы.
Мектебіміздің аяулы да құрметті ардагер ұстаздары
Би
2-жүргізуші:
Жолдайды мектеп басшысы
Түлектерге ақ тілек
Өмір деген үлкен жолда
Ақ жол тілеп, бақ тілеп
соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Аубакиров Бақытжан Габдылуахитұлына беріледі (грамота тапсырылады)
1-жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,
Келесі сөз кезегі ауылымыздың әкімі Ильясов Жұманияз Рақымбекұлына беріледі.
2-жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәңгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, бар білімін беруде аянбаған, алғашқы ұстазы Лазат Қожагелдіқызына сөз беріледі.
(презентация ,видео көрсетіледі)
Мектебің-алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың –бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта,жас қыраным,ақ жол саған.
Сөз жас түлектердің сынып жетекшісі Түсіпбекова Айнұр Ахметбекқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы.
Ендігі құттықтау сөз кезегі сыныптың ата –аналары атынан Бәтима әжеге беріледі.
2-жүргізуші:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкіртіңнің алғысын
Жас түлектер атынан сөз кезегі, мектебіміздің мақтанышы, белсенді, дарынды оқушы Жолаушыбай Әйгерімге беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |