Әскери жетекші: Мектеп сапқа түзу тұр! 1- жүргізуші. Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, ата-аналар! 2- жүргізуші


Қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушылары, Жас түлектер, Пұшпақпай Маржан мен Ануаров Әділбекке беріледі



бет6/13
Дата04.10.2024
өлшемі77,94 Kb.
#146841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
2023-2024 соңғы қоңырау)

Қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушылары, Жас түлектер, Пұшпақпай Маржан мен Ануаров Әділбекке беріледі.


2-жүргізуші:
Құлпырайық, ғажайып түрге енейік,
Түлектермен бәріміз гүлденейік.
Мың бұрала билесін қимастықпен,
«Мектеп вальсі» ырғағына тербелейік!
Түлектерді «Мектеп вальсіне» шақырамыз.


Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне.
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар,
Аттанып барады өмір көктеміне.


1-жүргізуші:
Сапарларың сәтті болсын Түлектер!
Сәттер туды барлығын да абайлар,
Сіздер жалғыз емессіздер бұл жолда,
Ұстаздарың соңдарыңнан қарайлар!

Жолын ашқан жас жүректер, жүр алда!


Биіктерге самғамаған қыран ба ?
Отаныңа адал еңбек етіңдер,
Бәсекелес мына қиын заманда.
2-жүргізуші:
Түлектердің қанаттары талмасын
Көк аспанда қыран болып самғасын
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға
Ата - ана ақ батасын арнасын !


Бата беру рәсімін Амантоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Тапаев Жоламан Тапайұлына береміз.
1-жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт — сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін!

Қымбатты біздің түлектер, Ұлттық бірыңғай тестті табысты


тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар
тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!


2-жүргізуші:
Жас қырандай қанат қағып қияға,
Жас түлегім арман қуып қиялда.
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Самға биік, жалын атып, тұр алда.

Ой салады қызық болса ертек те,


Бұғау салған қияс қиын тентекке.
Сағынғанда бала шақты думанды,
Кеп жүріңдер білім алған мектепке!


1-жүргізуші: Жас түлектерді жаңа өмірдің баспалдағына аттандырып, қошеметпен, құрметпен шығарып салайық!
Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет