Әскери жетекші: Мектеп сапқа түзу тұр! 1- жүргізуші. Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, ата-аналар! 2- жүргізуші



бет5/13
Дата04.10.2024
өлшемі77,94 Kb.
#146841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
2023-2024 соңғы қоңырау)

1-жүргізуші:
Ізбасарлар атынан сөз кезегі 10 сынып оқушысы Бейсенбай Гүлнұрға беріледі.
Ән
2-жүргізуші:
Алтын ұя мектептен ұшты түлек
Бүлдіршін бала күнде ғылым іздеп
Он бip жыл білім берген ұстаздармен
Қоштасар сәт те келді, бүгін міне.


1-жүргізуші: Құрметті қонақтар,ұстаздар, ата-аналар!Ендігі кезекті ұстаз бен шәкіртке берейік.


1-жүргізуші:
Жас түлек!
Бүгін – алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.
Бүгін – «Мектебім, ұстазым» деп көңілдің қимастық кешкен күні.


Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында

Құрметті қауым!


Шәкірттік тілектерін білдіру үшін сөз кезегін Жас түлектерге береміз.
(11 сыныптардың әдеби - әуендік монтажы)


2-жүргізуші:
Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні сіздер үшін соғылмақ.
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың

Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып, өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, 11 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа қадам басасыңдар. Сәт сапар, саған жас түлек!


1-жүргізуші:
Сыңғырла күміс қоңырау,
Тілегің болсын түлекке.
Киелі үнің күш берсін,
Үлпілдеп тұрған жүрекке !
Сіздер үшін құрметті мектеп бітіруші түлектер,күміс қоңырау үні соғылмақшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет