Ескерткіштерінің хіі-хіұ ғ.ғ. Алтын Орда, хv-хvіп ғғ. Қазақ хандығы әдеби мұраларының жалғасқан мұрасы. XIX ғғ. әдебиетінде Ресей империясының отарлау саясатына қарсылық сарыны сыншыл реализм тұрғысында жырланды



бет1/9
Дата30.09.2022
өлшемі29,53 Kb.
#40957
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер тезисі 19 ғасыр


2. Пән мазмұны


2.1.Дәрістік курс





Тақырып,
дәрістер аттары



Тақырып мазмұны

Сағат
саны

Семестр
аптасы

1

1-дәріс. Әлемдік әдеби үдеріс және ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті



XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті - сақ, ғүн, түркі тайпалары дәуірлері ескерткіштерінің ХІІ-ХІҰ ғ.ғ. Алтын Орда, ХV-ХVІП ғғ. Қазақ хандығы әдеби мұраларының жалғасқан мұрасы. XIX ғғ. әдебиетінде Ресей империясының отарлау саясатына қарсылық сарыны сыншыл реализм тұрғысында жырланды. Зар заман ақындары поэзиясы қазақ халқының күрескерлік рухын танытты. Қазақ әдебиетіндегі авторлы ақындық поэзиядағы ұлттық-азаттық қозғалысына арналған тарихи жыр-дастандар мол жырланды. Мысалы: Нысанбай жыраудың "Кенесары-Наурызбай", Жүсіпбекқожа Жантхисламұлының "Қисса", "Наурызбай төре", Досқожаның "Кенесары қоныстан ауғанда", Доскей Әлімбаевтың "Кенесары", т.б. Қазақ әдебиетінде исламдық-шығыстық және еуропалық ағартушылық көзқарастар тұтаса жырланды. Дәстүрлі ақындық поэзия және жаңа жазба реалистік әдебиетте де лирикалық және эпикалық шығармаларда ағартушылық көзқарасты берік ұстану анық белсенді сипат алды. Классикалық әдеби үрдістерді игеру жүзеге асты. XIX ғ. қазақ әдебиетінде фольклорлық сикретизм жаңғыра сақталды. Ақындық поэзиядағы суырып салмалық, фольклор жанрларының жырлануы, ауызша және жазбаша үрдістер тұтаса қолданылды. Жаңа реалистік жазба әдебиетте (лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза, әңгіме, очерк, ғылыми-көсем сөздік мақала) жанрлары пайда болып, дамыды. Жаңа жазба әдебиетте философиялық трактат, көркем аудармалық сатиралық үрдіс шығармашылығы қалыптасты. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде халық мәдениетінің ықпалды түрі ақындар айтыстарының дамуында дәстүрлі жалғастығы сақталды. Қазак әдебиеті тарихының негізгі арнасы болып саналатын ақындық поэзияның фольклорлық синкретизм дәстүрді сақтай, жаңғырта дамуы осы ақындар айтыстары арқылы дәлелденді. Осы айтылған поэтикалық ерекшеліктер XIX ғасыр әдебиетін кұрайтын мынадай шығармашалық тұлғалар арқылы айқындалды. 1 .Дәстүрлі ақындық поэзия өкілдері: Дулат Бабатайұлына (1802-1874), Махамбет Өтемісұлы (1803-1846), Шернияз Жарылғасыұлы (1807-1867), Шортанбай Қанайұлы, (1818-1881), Сүйінбай Аронұлы (1822-1895), Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898), Базар Оңдасыұлы (1839-1911), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906), Әбубәкір Боранкұлұлы (1868-1905), Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895), Орынбай Бертағыұлы (1813-1895), Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888), Нүрым Шыршығүлұлы (1831-1908), Біржан сал Қожағүлұлы (1834-1897), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913), Сегіз сері (Мұхамед-Қанапия) Баһрамұлы (1818-1854), Сара Тастанбекқызы (1878-1916), Әсет Найманұлы (1887-1923), Сары Батақұлы (1863-1895), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), Құлтума Өтемісұлы (1840-1915), Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864-1919), т.б. 2. Ағартушылық, демократтық мазмұндағы реалистік жаңа жазба әдебиет өкілдері: Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1868), Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889), Абай (Ибраһим) Кұнанбайұлы (1845-1901), Ақылбай Абайұлы (1904), Мағауия Абайұлы (1870-1904), Шэкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931), Көкбай Жанатайұлы (1864-1927), Шэңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920), т.б.

1



1

2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет