Ескерткіштерінің хіі-хіұ ғ.ғ. Алтын Орда, хv-хvіп ғғ. Қазақ хандығы әдеби мұраларының жалғасқан мұрасы. XIX ғғ. әдебиетінде Ресей империясының отарлау саясатына қарсылық сарыны сыншыл реализм тұрғысында жырланды


-дәріс. Зар заман поэзиясы және Дулаттың эпикалық, Махамбеттің лирикалық поэзиясы



бет2/9
Дата30.09.2022
өлшемі29,53 Kb.
#40957
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2-дәріс. Зар заман поэзиясы және Дулаттың эпикалық, Махамбеттің лирикалық поэзиясы



Зар заман поэзиясын - қазақ әдебиеті тарихындағы элегиялық, мұңлы-шерлі шығармалардың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге арналған саласы. «Зар заман ақындар» деген атауды Мұхтар Әуезов Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауларының атына байланысты алған зар заман поэзиясының бастауы байырғы түркі өркениет жазба ескерткіші «Күлтегін», «Тоны көктен» бастау алады. Одан кейін Алтын Орда ( XII-ХІVғ.ғ.), Қазақ хандығы (ХV-ХVШғ.ғ.) кезеңдеріндегі жыраулар поэзиясымен жалғасады. Әсіресе, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар толғауларында заман зары мол.
Зар заман поэзиясындағы ХVІП-ХХ ғ.ғ арасындағы жолы туралы Мүхтар Әуезов былай дейді: «Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі».
Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсаң, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. (Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. -А: Ана тілі, 1991.-Б. 192)



1

2

3

3-дәріс. Махамбет поэзиясының көркемдігі және Шернияз ақын мұрасы



Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың ақыны. Ақынның жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер («Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асанбай», «Атадаң туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден де желгір ақбөкен», «Күн қайда?», «Бағаналы терек жарылса», т.б.).
Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі («Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі – сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шаңдоздан»).
Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер: «Баймағамбет сұлтанның үйінде айтылған топтама жырлары», «Исатай мен Науша батыр», т.б.
Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Кашағанмен дидарласқандағы өлеңдері. Шернияздың шешендік өнері. «Шернияздың батасы», «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» атты өлеңдерінің мәні.
Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелілік мәселелері.

1

3

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет