Ескерткіштерінің хіі-хіұ ғ.ғ. Алтын Орда, хv-хvіп ғғ. Қазақ хандығы әдеби мұраларының жалғасқан мұрасы. XIX ғғ. әдебиетінде Ресей империясының отарлау саясатына қарсылық сарыны сыншыл реализм тұрғысында жырланды


-дәріс. Ыбырайдың прозасы және хакім Абайдың лирикасы



бет7/9
Дата30.09.2022
өлшемі29,53 Kb.
#40957
1   2   3   4   5   6   7   8   9
12-дәріс. Ыбырайдың прозасы және хакім Абайдың лирикасы



Ы.Алтынсарин-ағартушы-қаламгер,үстаз-жазушы,ақын,этнограф, аудармашы. Ислам өркениеті тағылымын қазақ сөз өнерімен ұштастырған. Қазақ мектебі үшін тұңғыш рет «Қазақ Хрестоматиясы» оқу құралын жазды. Қазақ мектебі үшін түңғыш рет ислам діні қағидаларын түсіндіретін оқу құралын («Шаршат-ұлы-ислам») -«Мұсылманшылық тұтқасы» жазды. Қазақ жүртшылығының өзімен замандас жэне кейінгі ұрпағы үшін әдет-ғүрыптар туралы этнографиялық еңбектер жазды.
«Орынбор ведомоствосы қазақтарының қүда түсудыз үзату жэне той жасау дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомоствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі». Кезінде «Әдебиет тарихы» кітабында Мұхтар Әуезов Ыбырай Алтынсаринді зар заман ақындарының қатарында да атаған еді. Себебі,Ыбы-райдың шығармаларының барлығы да қазақтың қамына, заман көшінен қалмауына арналған.
Қазақ халқының Ресейдің отарлық бүғауында жүрген кезінде үлттың өзін-өзі жетілдіруін, әлем өркениеті деңгейіне жетуін ойлады. Қазақ халқының ауыр түрмысы туралы мақалалар («Жүт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы», т.б.) жазды. Демек,Ыбырай Алтынсарин қазақ өркениеті тарихындағы ағартушы қаламгер тұғырында танылады. Әдеби шығармалары (өлеңдері, әңгімелері) қазақ жазба балалар әдебиетінің көрнекті классикалық үлгілері болып саналады.
Ы.Алтынсариннің әңгімелері-қазақ жазба прозасы қалыптасуы тарихындағы бастау негіздің көрсеткіші. Прозалық жазба әңгімелердің композициялық-сюжеттік желісіндегі өмірлік шындық оқиғаларынан адамгершілік тәрбиесі ұлағатына баулу жүзеге асырылған. Яғни,жазушы әңгімелерінің көркемдік түйіні-адамгершілік абзал қасиеттерге баулу.
Адамдарды еңбексүйгіштікке,өмірді бағалауға баулу-әңгімелер арқауы. Мысалы: «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлы баласы», «Ұлықпан әкім», «Малды пайдаға жарату», «Қыпшақ Сейітқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пен жинақылық»,т.б. әңгімелерде адамды тәрбиелеудің философиялық, психологиялық мәселелері мол қамтылған. Әңгімелердегі кейіпкерлерді даралау, мінездеу арқылы тіршілік қозғалысындағы қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігі мәселелері сараланған.

1

12

13



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет