3. Білім беру ұйымының ата-анасы (немесе заңды өкілінің) құқықтары және міндеттері
1. Ата-ана (заңды өкілі):
1) баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша білім беру ұйымымен өзара қарым-қатынас жасауға;
2) Қазақстан Республикасықолданыстағы заңнамасында көзделген оқыту-тәрбиелеу үдерісін іске асыруға қатысуға;
3) ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар жиналыстарының шешімін орындауға;
4) ата-аналар комитеті арқылы білім ұйымының басқармасы органдарының жұмысына қатысуға;
5) өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты ақпаратты алуға;
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультативтік көмек алуға;
7) қосымша (ақылы және / немесе тегін) қызметтерді алуға (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.
5. Ата-ана (немесе заңды өкілі): 1) білім беру ұйымының Жарғысын және осы шарттың ережесін сақтауға;
2) ата-аналар жиналысына баруға, қажет болған жағдайда оқу-тәрбие үдерісі және нақты педагогикалық көмек көрсету бойынша жеке педагогикалық әңгімелесу үшін әкімшіліктің немесе мұғалімдердің шақыруы бойынша білім беру ұйымына баруға;
3) Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға;
4) сабақта баланың болмауы жөнінде білім беру ұйымын хабардар етуге;
5) ҚР заңнамасына сәйкес білім беру ұйымына оқушының кінәсімен келтірілген материалдық залалды қайтаруға міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі 1. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Дауларды шешу тәртібі 1. Осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді.
2. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. Форс-мажор 1. Соғыс, өрт, басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе әскери іс-қимылдар сияқты форс-мажорлы жағдайында, сондай-ақ Тараптардың бақылауына негізделмеген және шарт жасасқаннан кейін болған кез келген басқа жағдайларда Тараптардың жауапкершілігі орын алмайды.
2. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.