Эссе дегеніміз не? Оның шығармадан айырмашылығы қандай?


абзац/ мәтіннің абзацқа жіктелуі



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата10.04.2023
өлшемі1 Mb.
#81292
1   2   3   4   5   6   7   8
абзац/ мәтіннің абзацқа жіктелуі – мәтіннің негізгі композициялық 
бірліктерінің бірі, ол мәтінді бөледі және мағыналық тиянақтылықты
білдіреді (мысалы, кіріспе, қорытынды).
Аргументті эссе – эберілген тақырып мәселесі талданатын көлемі шағын 
мәтін, эссе мәтіні еркін құрылымда болады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), 
авторпозициясын білдіру үшін аргументтер мен фактілер келтіріледі.
(эссені) бағалау критерийі – оқушылардың мақсатқа жету нәтижесі 
шын мәнінде қандай болатындығын көрсететін белгі (сипаттама), эссені 
бағалау кезінде эссе тақырыбын ашу, дәлелдеу, анықтық т.б. критерийлер
басшылыққа алынады. 
(эссе) мазмұны – эссе тақырыбында берілген мәселені авторлық көру/ 
шешу көрінетін сөз, сөйлем түрінде берілген мәтіннің мағынасы .
(эссе) пішіні – сөз, сөйлем және абзац түрінде эссе мәтінінің тілдік 
ұйымдастырылуы.


- 4 -
(эссе) құрылымы/ (эссе) композициясы мәтін компоненттерінің 
орналасуы мен қатынасы, яғни мазмұны мен жанрына сәйкес эссенің жазу.
(эссенің) байланыстылығы – мәтіндегі сөйлемдер мен абзацтардың 
бір-бірімен 
байланысы, 
лексика-грамматикалық, 
морфологиялық-
синтаксистік құралдарды (сөз таптарын есімдікпен алмастыру, шылаулар мен 
демеуліктерді пайдалану, етістік формаларының жақтық-шақтық үйлесімі 
пайдалана отырып, олардың орналасу және тізбектелу тәртібі.
(эссенің) логикалығы – мәтіннің логикалық түрде түзілуіне жататын эссе 
мәтінің қасиеті, мысалы, эссенің кіріспеден қорытындыға дейін жүйелілігін 
сақтауы.
(эссе) тақырыбы эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып 
отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетін атау.
кілт сөз  - сөздің (сөйлемнің) негізгі мағыналық өзегі болып табылатын сөз 
немесе сөз тіркесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет