Эссе франц. "essay", ағылш. "assay"- байқау, көру, очерк; латынша



бет3/24
Дата27.03.2022
өлшемі195 Kb.
#28942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Эссе жазуга койылатын талаптар ЛЛЛЛ

Эссе құрылымы

  1. Титул беті.

  2. Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл этапта өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек.”Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?, ” Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.

  3. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізг бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады.Қойылған сұраққа байланысты талдау жүргізу үшін мынадай категориялар негізінде жазу керек:
    Себеп- салдар, жалпы- айрықша, форма- мазмұн, бөлік- тұтас, тұрақты- өзгермелі.Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тақырыпты ашудағы логикалық ойын байқауға көмектеседі.
    4. Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б.түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет