Эссе франц. "essay", ағылш. "assay"- байқау, көру, очерк; латынша



бет9/24
Дата27.03.2022
өлшемі195 Kb.
#28942
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Эссе жазуга койылатын талаптар ЛЛЛЛ

Ой- толғау жасай білуі

- мазмұнының анық және ашық болуы;
-дәлелдеу логикасын құрастыра білуі;
-ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі;
-әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі.
- мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келуі.


3 ұпай

Жұмысты орындауы

-жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай;

- лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы;
-орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы;
-талап формасына сәйкес болуы


1 ұпай

Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы. Қандай да бір қатаң шек қойылмайды, әрине.Эссе көлемі компьютермен тергенде 7-10 беттей болуы керек. Гарвард бизнес мектебінде көбінесе екі-ақ бетке жазылады.Ресей университеттерінде 10 бетке дейін жаза беруге болады.Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты.Оның көп тақырыбы және идеясы болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы.Еркін композицияға құрылуы – эссенің маңызды ерекшелігі.Зерттеушілердің айтуына қарағанда жақсы эссені тақырыпты жақсы білетін, оны әр қырынан көре алатын, оқушысына түрлі идеялар ұсынып, оның ойлануына түрткі жасай алатын адам ғана жаза алатын көрінеді.Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс.Адамды ой салатын шығармадағы кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді.Эсседе, міне, осындай белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс.Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа идея тудырып отыруы абзал.Бұл жанр оғаштығының бірі болуы ықтимал.Себебі,еркін композицияға құрылған,автордың субъективті көзқарасына құрылған эссе ішкі мағыналық бірлікті талап етеді.

Ол дегеніміз негізгі тезистер мен дәлелдемелер,фактілер мен ассоциациясының үйлесімділігі барлығы ішкі бірлікте болуы тиіс. 
Эсседе қалыптасқан шаблондарды, сөздерді қысқартуды, жеңіл-желпі ой қорытуларды қолданудан аулақ болған жөн. Эссе тілі байсалдылықты талап етеді. Сонымен: эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады. 
Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы міндет – оқырман назарын бірден аудару. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет