Дәлелдеудегі байланыстардың түрлері
Тезистер мен аргументтердің логикалық сабақтасып тұруы үшін олардың өзара байланысу тәсілдерін білу қажет. Аргумент пен тезистің байланыстары тура, қосымша, айрықша бөліп тұратын болуы мүмкін.
Тура аргументте тезистің шындығы аргументтен анық көрініп тұрады.Мысалы, біз сабаққа баруға тиісті емеспіз, себебі бүгін күн жексенбі.
Индукция, дедукция, аналогия, себеп-салдар байланыстары арқылы тура дәлелдеу әдістерін қолдануға болады.
Дәлелдеу әдістері
Индукция - фактілерге негізделген қорытынды. Тұжырымдау барысында біз жекеден жалпыға, жобалап- шамалаудан бекітуге қарай қозғаламыз. Индукцияның жалпы ережесі бойынша: неғұрлым фактілер көп болса, соғұрлым ол дәлелді.
Дедукция- жалпыдан жекеге бағытталған үрдіс. Онда қорытынды екі алғы шарттан тұруы мүмкін, оның біреуі көбірек жалпылық қасиетке ие. Мысалы, өз алдына нақты мақсат қойған адамдар түбі бір үлкен нәтижеге жетеді. Сондай адамдардың бірі –А. Линкольн.
Аналогия- салыстыру арқылы жететін тұжырымдау тәсілі. Аналогия бойынша А және Б заттары бірнеше бағыттары бойынша ұқсас болса, онда олардың қасиеттері де ұқсас болуы тиіс.
Себеп – салдарлы аргументтеу- қандай да бір құбылысты түсіндіру арқылы аргумент жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |