Эссе Тақырыбы: «Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары»



бет3/3
Дата19.04.2023
өлшемі21,79 Kb.
#84638
1   2   3
Қорытынды
Этиканы басқалай тұрғыда іс-әрекет пен сөйлеу мәнері бойынша бөліп қарастыруға болады. Мысалы,жас буынның қазіргі сөйлеу тілі кітап тілінде сайрайды. Оған дәлел, қазақ сөздіктерін жазғанда негізгі диалект сөздердің үлкендер арасында ғана кең қанат жаюы. Жағымсыз тұсы:тілдың шұбарлануы. Іс-әрекеттік типтері бойынша волонтерлік қызметтерді аркау етуге болады, жағымсыз тұсы-көше тәрбиесінің қисынсыз әрекеттері (бұл құрамға қоғамдық орындағы оқушы мен қарт арасында жиі туындайтын кикілжің) Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтарын көркейтуде - патриот ұғымдары жиі қолданылады. Жастарды мейлінше сауатты, білімді,рухани және ішкі құндылықтарға бай ету Елбасы жолдауларында да көрініс табуда. Қоғамда жастың ғана емес,адам мен адамның бір-біріне деген шын ілтипат,істері ерекше орын алады. Бұны қарапайым ғана дәрігер мен кішкентай бала деп те қарастырсақ болады.
Қазақ тарихының сахнасынан орын тепкен арпалыстар мен қиындықтарға толы кезеңде халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін»,- деп бекер айтпаса керек. Дамушы ел ретінде мемлекет болашағы қазіргі жастар, келешек ұрпақ болғандықтан, олардың этикалық құндылықтары назар аударарлық маңызды тақырып. Ең алдымен « этикалық құндылықтар дегеніміз не? »,- сұраққа жауап берсек. Адам бойындағы ең бірінші табылуы қажет қасиет адамгершілік екені сөзсіз. Этикалық құндылық аясына сыпайы сөйлеу, орнықты жүріс-тұрыс, ізет- кішіпейілділік, білімдарлық қасиет, салт-дәстүрден бастап өзін-өзі ұстауда көрініс табатын мораль, принциптер мен стереотиптер, адамгершілік қасиеттер, сонымен қатар мейірім мен мәдениет тән. Жалпы бір сөзбен айтқанда, тізімі бітпейтін адами құндылықтардың барлығы осы бір ғана «этикалық құндылық» ұғымына сыйып тұрғандай. Ал қазіргі жастардың этикалық құндылықтары туралы не айта аламыз?
Заман ағымы бір орынында тұрған емес, соған сай қазіргі таңда біз экономика мен технологияның қарыштап дамыған кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Ата-баба арманы орындалып, зайырлы тәуелсіз мемлекетке айналдық. Бір мемлекетті жою үшін білім беру жүйесін бұзу жеткілікті, сол себепті дәл қазіргі сәтте жастардың білімге деген құштарлығына, техника тілін түсінулеріне баса назар аударылады. Соған сай, ізгілік белең алған ортада Қазақстанның жаңа буыны жаңа жетістіктерімен қуантуда. Ойын еркін жетізе алатын, шаршы топ алдында пікірін нақ айтатын жас буын келе жатыр деп айта аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007
2. Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c
3. Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002—352 бет .
4. Философиялық сөздік. —/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.
5. Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр
6. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет