Эссе Тақырыбы: «Психология –болашақтың мамандығы». Психология-бүгінгі ғасырдың мамандығы. Қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Адамдар тығырыққа тіреліп,шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп,дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болам деуші талапкерлер саны жылдан-жылға көбеюде. Ал,бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін,тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтін мамандықтар қатарында еді.
Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Бүгінгі психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Олар: білім, бизнез, саясат, басқару, медицина, т.б. салалар. Ғалымдардың болжауы бойынша ХХІ ғасыр –психология ғасыры болмақ.
Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына -болашақ психолог мамандар өз білімдерімен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып,кеңейе түсуі әсер етсе керек. Болашақ психолог бүгінгі күні адам өмірінің барлық салаласына қатысты өндірістер мен кәсіп орындарда қызмет етеді. Яғни, балалар бақшасынан бастап,аса ірі ұйымдарға дейін жұмыс әстей алады. Бұл жерде психологияның ғылым екендігігін айта кету қажет.
Психологияның зерттеу пәні-адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап тілегінен туындап отыр. Қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан шығатын мамандық болған және бола бермек.
Психолог маманы болып шығу адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыстарға қол жеткізеді.
Ш.Сариев айтқандай «Өмір деген тұрмайды тек қарадан,өмір деген тұрады ақ-қарадан». Осыны балаға жеткізе алатан психолог мамандығы.Психолог жылы сөзбен емдейді.Психолог балаларды тек қана өмірге дайындап қоймай,оларға бүгінгі күні бақытты,алаңсыз өмір сүруіне жағдай туғызу керек. Психолог негізінен адамның сырласы,өмірге құштарлығын арттырады.
М.Жұмабаев айтқандай: «Балалық шақта кісі жағымды әсер алмаса,өмір бойы шат көңілді болмайды».Осы сөздермен келісе отырып,мен мынаны айта аламын: «Иә,бұл рас,психолог мамандығы психология »мамандығы болғасын,біз оқушылардың,ата-аналардың жүрегіне жол табуға міндеттіміз, жүргізілген жұмыстардан олар тек жағымды әсер, көңіл-күй алуына бар күшімізді салуымыз керек.
Ең бастысы психолог мейіірімді болу керек. «мейірімді істер жүрек жылытады», сонда ғана біздің еңбегіміз нәтижелі болады.
Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек,сол зертелмеген таза құпияға терең үңіліп,баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану,оның жүрегіне ,жан дүниесіне жол таба білу-біздердің,ұстаздардың борышы. Ең бастысы, психолог шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылы кешіре білу,баламен тең жағдайда сырласу,оның мүмкіндіктеріне сену,ойын әрқашан тыңдау арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.
Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып,күйзеліске ұшыраса да, өмірге деген сенімін,құштарлығын жоғалтпай,тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екенін ұмытпауы тиіс.
Мектеп психологы ең алдымен адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін маман. Ортаға жақсы ахуал туғызып, күйзеліске ұшыраған адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беріп,жол көрсету.
Психолог адамның сырласы,адам жанының елшісі.Оқушы жеке тұлға деп танып, ғылыми,рухани мұраларды игерген,шығармашылық ой өрісі бар,компютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі.
Мен үшін оқушының қызығушылығы ,бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында. Психологиялық жұмыс-адам жанымен жұмыс,адам ойымен,жеке тұлғамен жұмыс. Мектеп психологының негізгі жұмысы мектеп ұжымымен, оқушымен, ата-аналармен байланыста болады.
Мен алдымен мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет.Білім арқылы адамның қабілеттілігі артса,ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі болу үшін білім алуға барлық
күш – жігерімізді жұмсап,жұмыс жасауымыз керек.
Қандай қиын жағдай болса да күш-жігерін жинап,алға ұмтылса ғана барлығын жеңеді. Өзіне сенімді,мейірімді болу.
Мектеп психологы,ең алдымен адамның ішкі сырын жан - дүниесін зерттейді.
«Ақшаң жоғалтсаң-ештеңеңді жоғалпайсың,уақытыңды жоғалтсаң-көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң-көп нәрсені жоғалтасың,өзіңді жоғалтсаң-бәрін жоғалтасың»деп неміс мақалы дұрыс айтылған.Менің өмірлік қағидам-ешқашан өз қадір –қасиетімдіжоғалтпау,әрқашан тек шыншыл, адал, мықты, қайратты,өз ісіне берілген тұлға болып, қалыптастыру.