Аргумент
Жоғарыдағы өлең жолдарында айтылғандай, ақын «көштің басын атамекен жаққа бұрыңдар».
Автор баяндауын аргумент ретінде алған.
Талдау (анализ)
деген идеяны негіз етіп алады.
Аргументтен кейін автор баяндауынан нені ұғуға болатыны, автордың оқырманға жеткізбек ойына талдау жасайды.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Себебі қазақ – бүгін тәуелсіз, қазақ – бүгін егемен.
Абзацта айтылған пікір, аргумент, анализдерден кейін абзацты қорытындылап, жинақтап, бекітетін сөйлем.
2-абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Ақын өлеңінде көтерілген тағы бір басты идея – «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген халық даналығымен үндесіп келетіндей.
Аргумент
«Қожа боп өз жеріңде өз еліңе, не жетсін тер төгуге соны ұғып» - деген жолдардан жат елдің балын жеп, уызына қанғаннан гөрі туған елдің төскейіне тамшыдай болсын.
Талдау (анализ)
Еңбегіңді тигізгеннің пайдасы да, сауабы да молырақ екенін байқаймыз.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Осылайша ақын жат жердегі қандастарымызды елге оралып оның дамуына сүбелі үлесін қосуға шақырады.
Негізгі бөлімнің бір абзацынан екінші абзацқа өтуші сөйлем
Автор осы өлеңінде тағы бір ойды қозғайды.
3 – абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Өз аспаның мен өз туыңның астында, өз ауаңның нәрін жұтып, өз нуыңда ғұмыр кешудің, өз Әнұраныңмен оянудың өзгеше һәм ерекше сезім екенін және барша қандастарымыздың осы бақыттан қапы қалмауын қалайды.
Аргумент
Шетте жүрген қандастарымызды құшақ жая кез келген уақытта қарсы алуға даяр екенімізді, атажұрттың қашанда қандастарды тұқымым деп шақырады.
Талдау(анализ)
Олар келсе, адам түгіл, тау-тасына дейін құшақ жая қарсы алатынын ерекше асқақ пафоспен жеткізеді. Ақын аталмыш өлеңінде шетте жүрген бауырлардың туған елдеріне қайтуларын азаматтық жүрегімен тілегендей болады.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Бейбіт елде, туған Отанында өмір сүрудің қандай бақыт екенін қандастарына сан қырынан ашып түсіндіруге тырысып бағады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Қорытындылай келе, Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалған. Дүниежүзіне тарыдай шашылып кеткен қазақты атамекенге шақыруымен, қазақ халқының тұтастығын насихаттауымен құнды. Мен мұны ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің жемісі деп білемін.
Әдеби-талдау эсседе тезиске оралу міндетті емес. Қозғалған тақырыптың маңыздылығы туралы жазып, өз көзқарасын қысқаша жеткізіп, аяқтайды.
Эссе құрылымы:
Достарыңызбен бөлісу: |