Эссе тақырыптары шығарманың ерекшелігіне, эссе түрлеріне қарай әртүрлі құрылады «М.Әуезовтің «Абай жолы»


Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің идеясын талдап жазыңыз



бет3/5
Дата11.12.2022
өлшемі173,89 Kb.
#56547
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эссе құрылымы

Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің идеясын талдап жазыңыз.
Ақиық ақын Оразақын Асқардың шығармашылығындағы мағынасы терең, салмағы ауыр туындыларының бірі – «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі. 1992 жылы ақын қаламынан төгілген бұл туындысында қоғамдық маңызы зор, өзекті мәселелер басты тақырып ретінде қозғалған. Өлең атауы көрсетіп тұрғандай, «Шетте жүрген бауырларға» атты туындысында автор отансүйгіштікті, елдікті, туған елге деген махаббатты жырлайды, атақ пен даңқ қуып, дүние қуып шетел асып жүрген бауырларын көк байрақтың астында туған Отанға қалтықсыз махаббатпен қызмет етуге жұмылдыруды үндейді. Олай болса, ақынның аталмыш өлеңінің негізгі идеясын талқылап көрейік.
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа, - деп шет ел кезіп, дала кезіп жүрген қандастарымызды туған елдің түтінін түтетуге шақырады. Кеңестік Республика кезеңінде, қазақтың басынан қара бұлт ауырмаған кезеңдерде елімізден талайлаған бауырларымыздың шет ел асып кеткені тарихтан белгілі. Жоғарыдағы өлең жолдарында айтылғандай, ақын «көштің басын атамекен жаққа бұрыңдар» деген идеяны негіз етіп алады. Себебі қазақ – бүгін тәуелсіз, қазақ – бүгін егемен».
Ақын өлеңінде көтерілген тағы бір басты идея – «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген халық даналығымен үндесіп келетіндей. «Қожа боп өз жеріңде өз еліңе, не жетсін тер төгуге соны ұғып» - деген жолдардан жат елдің балын жеп, уызына қанғаннан гөрі туған елдің төскейіне тамшыдай болсын еңбегіңді тигізгеннің пайдасы да, сауабы да молырақ екенін байқаймыз. Осылайша ақын жат жердегі қандастарымызды елге оралып оның дамуына сүбелі үлесін қосуға шақырады. Автор осы өлеңінде тағы бір ойды қозғайды.
Өз аспаның мен өз туыңның астында, өз ауаңның нәрін жұтыпөз нуыңда ғұмыр кешудің, өз Әнұраныңмен оянудың өзгеше һәм ерекше сезім екенін және барша қандастарымыздың осы бақыттан қапы қалмауын қалайды. Шетте жүрген қандастарымызды құшақ жая кез келген уақытта қарсы алуға даяр екенімізді, атажұрттың қашанда қандастарды тұқымым деп шақырады. Олар келсе, адам түгіл, тау-тасына дейін құшақ жая қарсы алатынын ерекше асқақ пафоспен жеткізеді. Ақын аталмыш өлеңінде шетте жүрген бауырлардың туған елдеріне қайтуларын азаматтық жүрегімен тілегендей болады. Бейбіт елде, туған Отанында өмір сүрудің қандай бақыт екенін қандастарына сан қырынан ашып түсіндіруге тырысып бағады.
Қорытындылай келе, Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалған. Дүниежүзіне тарыдай шашылып кеткен қазақты атамекенге шақыруымен, қазақ халқының тұтастығын насихаттауымен құнды. Мен мұны ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің жемісі деп білемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет