Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Тапсырма.  Күнделікті  өмірде  қарсыласу  күшін  көбейту  және  керісінше 
азайту  қажет  жағдайлардан  мысал  келтіріңдер.  Оларды  графикалық 
сызбанұсқалармен көрсетіңдер. Өз ойларыңды дәлелдеңдер.  
Мысал.  Поляр  шеңбері  аймағының  құрылысшылары  құрылыс  материалы 
ретінде  кейде  мұзбетонды  қолданады.  Малта  тас  қосып  қатырылған  мұзды 
осылайша  атайды.  Мұзбетон  өте  мықты  болады,  онымен  жұмыс  істеу 
барысында тіпті экскаваторлардың болат тістері де сынады. Мұзбетонның тағы 
бір түрі – ағаш ұнтақтары қосылумен қатырылған мұз немесе мұзқыртыс. Бұл 
материал  50  кг/см

дейінгі  қысымды  көтере  алады  және  оны  Поляр  шеңбері 
өзендерінде  көпір  салу  барысында  цементті  ауыстырушы  ретінде  қолдануға 
болады. 
 
Тапсырма.  К
өлемі
 
2  см

болатын  м
ұзқыртысты  бұзу  үшін  қанша  күш 
жұмсау қажеттігін анықтаңдар.
 
Мұздан дайындалған осы материалдарды бұзу 
қаупі  бар  жағдайларды  анықтаңдар.  Ондай  қауіп  қай  кезде  болуы  мүмкін? 
Есептеулер жасаңдар және дәлелдер келтіріңдер.  
Мысал.  Қыс  мезгілінде  тайгада  жүру  өте  қиын,  бұл  мезгілде  қар 
жамылғысы  қалың  және  адам  салмағын  көтере  алмайды.  Қалың  қар  басып 
қалған жерлерді жалпақ табанға ұқсас жасалған сырғанап адымдауға ыңғайлы 
шаңғысыз өту мүмкін емес. Бұндай шаңғылардың ені 30 см-ден кем болмауы 
тиіс, ал ұзындығы 140-145 см. немесе одан да қысқа болуы мүмкін.  
Тапсырма. Осындай шаңғы киген, салмағы 70 кг адам қарға қандай қысым 
түсіреді? Есептеу жолдарын ұсын және дәлелде.  
Мысал.  Жедел  кино  түсіруден  көргендей,  орман  тоқылдағы  емші 
жәндіктер  іздегенде  немесе  ұяға  қуыс  дайындағанда,  оның  тұмсығы  7  м/с 
38 


жылдамдықпен соққылау арқылы ағашты тесе алады. Тұмсықпен соққылаудың 
толық циклі барлығы 0,001 секундке созылады. Бұл арада зор күш түседі, бірақ 
құстың  миы  ешқашан  да  зақымданбайды.  Мұның  құпиясы  тоқылдақтың  басы 
бір  жазықтықта,  ешқандай  бүйірге  ығысусыз  тек  алға  және  артқа  ғана 
қозғалуында.  
Мысал. Соққылаған кезде тоқылдақтың басына шамадан тыс түсетін күшті 
анықтаңдар.  Үдерісті  сызбанұсқа  түрінде  бейнелеңдер.  Бұл  ақпараттың  адам 
үшін  тәжірибелік  мәні  бар  ма?  Бар  болса  қандай,  мысал  келтіріңдер, 
дәлелдеңдер.  
Мысал. Африка түйеқұсының орташа жұмыртқасының ұзындығы 15-20 см, 
көлемі  бойынша  шамамен  тауықтың  жұмыртқасының  екі  дюжинасына  тең 
(дюжина  –  біртекті  заттарды  данамен  санау  түрі,  12  данаға  тең  келеді)  және 
салмағы  16-18  Н.  Мұндай  жұмыртқаны  пісіру  үшін  40  минут  қажет.  Бірақ  ең 
қиыны – оны аршу, себебі қабығының қалыңдығы 1,5 см. ол 127 кг салмаққа 
төзеді.  
Тапсырма.  Берілген  деректер  бойынша  түйеқұс  пен  тауықтың  бір 
жұмыртқасының  салмағын  анықтау  әдістемесін  жасаңдар.  Шыққан 
мәліметтерді  салыстырыңдар.  Адамның  тәжірибелік  іс-әрекетінің  қандай 
түрінде ұқсас есептеулер қажет болады.  
Мысал. Сысой қоңырауы әлемдегі ең үлкен қоңырау, ол Ярослав облысы 
Ұлы  Ростов  күмбезді  мұнарасында  орналасқан.  Қоңырауды  1688  жылы 
орыстың шебері Фрол Терентьев құйып жасаған. Оның салмағы 32 тоннаға тең. 
Немістің  Кёльн  қаласында  1923  жылы  құйылған,  салмағы  24  тонна  Петр 
қоңырауы бар.  
Тапсырма. Осы қоңырауларды күмбезді мұнараларға қалай көтерген? Бұл 
рәсімнің  мүмкін  болатын  жобасын  жасаңдар.  Сысой  қоңырауына  әсер  ететін 
ауырлық күшін анықтаңдар. Арқанға іліп қойылған осы алыптың салмағы неге 
тең?  
Мысал.  Біздің  Жеріміз  элипсоид  екені  белгілі.  Солтүстік  полюсте  жерге 
еркін түсу жеделдігі 983 см/с
2
 
тең, ал экваторда – 978 см/с
2
.  
 
1-
тапсырма. Осы деректер бойынша Жердің экватордағы және Солтүстік 
полюстегі радиусын анықтаңдар.  
2-
тапсырма.  Осы  ендіктердегі,  бірінші  жағдайда  Жердің  өз  осінен 
айналатындығын ескеріп, ал екіншісінде – бұл айналымды ескерусіз, адамның 
салмағын анықтаңдар.  
Мысал. Гизадағы әйгілі пирамидалар, әрқайсысының салмағы екі тоннадан 
артық үлкен тас блоктардан салынған. Бұл тас кесектерді шың құздардан шағып 
алып, құрылыс орнына жіберген. Тасты шағып алу үшін шың құзда тесік жасап, 
оларға ағаш қазықтар қағылған. Бұл қазықтарға ұзақ уақыт бойы су құйылған, 
олар ісініп құздарда жарықтар пайда болған, сонан соң оларды тас балталармен 
тас  кесек  шағылып  түскенше  ұлғайтқан.  Тас  кесекті  мұқият  тегістеуге  тура 
келген. Дайын түрлерін төселген төсеніштер көмегімен жоғарыға көтеріп тасты 
тастың  үстіне  қалаған.  Блоктарды  тіпті  араларынан  су  да  өте  алмайтындай, 
тығыз  қалаған.  Үстінен  басқан  үлкен  салмақ  (мысалы,  Хеопс  пирамидасы 
39 


биіктігі  шамамен  147  метр)  барлық  құрылымды  іс  жүзінде  мызғымас  берік 
қылды [8].  
Тапсырма.  Пирамиданы  салушылардың  әрекеттерінің  мүмкін  жобасын 
жасаңдар. Қадам бойынша сызбанұсқа жасаңдар. Салмағы 10 т, табаны 2x4 м
2
 
мөлшердегі формасы параллелипед тәрізді бір кесектің қысымын анықтаңдар. 
Сонымен  жобалық  тапсырмаларды  орындау  арқылы  оқушылар  өз  іс-
әрекеттерін  жоспарлауды,  проблема  қоюды,  проблеманы  шешу  жолдарын 
іздеуді, шешім қабылдауды, нәтижені анықтауды, өз беттерінше жұмыс істеуді 
және  т.б.  үйренеді.  Жұмыстың  нәтижесін  кесте,  бейне-ролик,  презентация, 
сурет,  шығарма,  реферат  түрінде  көрсетуге  машықтанады.  Жобалық 
тапсырмалармен жұмыс істеу оқушылардан ізденуді, шығармашылықты талап 
етеді.  
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет