шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталармен қоректенеді.
Бұланды жүк тасуға қолдануға болар еді. Себебі ол өтуге қиын орманды
және батпақты жерлерден жүре алады. Сонымен қатар бұландар 80-120 кг-ға,
ал шанаға жеккен кезде 500 кг-ға дейінгі жүкті көтере және тарта алады.
-
Бұланды шаруашылықта қолдану жолдарын ұсыныңдар.
-
Егер шананың мұзбен үйкеліс күші 0,002-ге тең болатын болса, онда
жегілген шанаға әсер етуші үйкеліс күшін анықтаңдар.
-
Шана бірқалыпты қозғалыста болған, бірқалыпты қозғалыс 1 м/с
2
үдеп
отырған жағдайды қарастырыңдар. Қорытынды шығарыңдар.
-
Үйкеліс күшін азайту бойынша ұсыныстар жасаңдар.
Тапсырма. Шалынып қалған және сырғанап кеткен жағдайларда адам
қалай құлайды? Графикалық сызбанұсқалар әзірлеңдер. Қауіпсіздік мақсатында
мектеп оқушыларына арналған көктайғақ кезінде жолда жүру ережелерін
әзірлеңдер.
Мысал. Көптеген суда жүзушілердің әр түрлі бағыттарда қозғалу
барысында қарсыласу күші өзгеруі байқалады. Осылайша, үйректер немесе
қаздардың аяқтарындағы жүзу торсылдақтары ескек есебінде қолданылады.
Аяқтарының артқа қарайғы қозғалысы барысында үйрек жүзу
торсылдақтарымен суды еседі, ал алға қарай қозғалу барысында үйрек
бақайларын қозғалтады – қарсыласу күші азаяды, осының нәтижесінде үйрек
алға қарай қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: