ІІ топ. «Бүгін» Бестөбе кентінің саябағы.
ІІІ топ. «Ертең» саябаққа не қажет?
І топ «Кеше»: Саябақтардың адам өмірінде, тіпті адамзаттың даму
тарихында да алатын орны ерекше. Адамның өз қолымен жасалатын, кейде
мәдени, кейде рухани орын болып саналатын саябақтардың сан ғасырлық
тарихы бар. Саябақ иелену – бұл да өнердің айрықша бір түрі. Бізде аса үрдіс
болмаса да, батыс және шығыс елдерінде кеңінен тараған бұл дәстүр «бақ-
саябақ өнері» деп аталады.
Бұл өнердің шығу тарихы туралы батыс елдері деректерінің бірінде
алғашқы саябақтар адам алғаш өзінің үйін салған кезден бастау алады делінген.
Аңыз түрінде баяндалатын дерек мынадай: «Адам жұмақтан қайтарылғаннан
кейін алғаш рет үйін салған. Керемет әдемі көрініске толы жұмаққа әбден
үйреніп қалған ол оған қайта барар жол жоғын түсінгендіктен, өз үйінің
қасынан сол жұмақтың бір бұрышын көріп отырғысы келеді. Сөйтіп, алғашқы
саябақтар пайда бола бастаған екен».
Достарыңызбен бөлісу: