Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет27/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
Байланысты:
1457669972239 (1)

 
«
Биология» пәні бойынша 6-сыныптағы асқабақ тұқымдастарына жататын 
қияр өсімдігіне және «Химия» пәні бойынша 9-сыныпта кальций және магний 
оның  қосылыстары,  сілтілік  металлдар  тақырыптарына  арналған  жобалық 
тапсырмалары бар кіріктірілген сабақ үлгісі.  
Құрастырушылар:  Ақмола  облысы  Степногорск  қаласы  №9  орта 
мектебінің  «Химия»  пәні  мұғалімі  –  Оспанова  Гүлмира  Нұрғазыевна  және 
«Биология» пәні мұғалімі – Нұрмұратова Бақтыгүл Жолдасовна.  
Сабақтың тақырыбы: «Қиярдың құпиялары».  
Жұмыстың мақсаты: қиярдың пайдалы қасиеттерін зерделеу.  
Өзектілігі:  аталған  тақырып  қашанда  қызықты  болады,  себебі  қиярды 
ересектер  де,  балалар  да  жақсы  көреді.  Сонымен  қатар  біздің  өлкемізде  өз 
үйіміздің бақшасында немесе саяжайда қиярды химиялық қоспаларсыз өсіруге 
қажетті құнарлы топырақ, ауа райы жағдайлары бар.  
Жұмыстың міндеттері:  
1. 
Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысу.  
2. 
Қиярдың пайдалы қасиеттерін анықтау.  
3. 
Қиярдың  құрамындағы  пайдалы  және  зиянды  қоспаларды  тексеру 
(эксперимент жүргізу).  
Көрнекілігі: қияр соттары, сынауық, тыңайтқыш түрлері, мыс гидроксиді, 
слайд, Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.  
Ұйымдастыру.  Сыныпты  4  топқа  бөліп,  әр  топқа  жеке-жеке  тапсырма 
беремін. Тапсырмалар:  
1-
топ. Қиярдың пайда болу тарихы.  
2-
топ. Қиярдың биологиялық сипаттамасы.  
3-
топ. Қиярды өсіру жолдары.  
4-
топ. Қиярдың пайдалы қасиеттері.  
Оқушылар  сыныпта  жинақталған  қосымша  әдебиеттерден  қажетті 
деректерді іздестіреді, жазып алады, топта талқылайды, қорытынды жасайды.  
1-
топ  «Қиярдың  пайда  болу  тарихы»  туралы  келесідей  деректер 
жинақтады:  
Қияр  –  адам  өмірінде  осыдан  алты  мың  жыл  бұрын  пайда  болған.  Оның 
отаны – Индия, сонымен қатар қияр гректер мен римдіктерге де белгілі болған.  
1528 жылы неміс елшісі Мәскеуге барған саяхатында қияр туралы алғаш 
рет  айтты.  Бұған  Петр  І  қызығушылықпен  қарап  Измайлов  патша  бағының 
жылыжайына қияр, қауын өсіруді бұйырды.  
Қияр  мәдениетке  6000  жыл  бұрын  енген.  Оның  Отаны  –  Үндістанның 
тропикалық  аймағы  және  Қытай.  Бүгінгі  күнге  дейін  осы  аймақтарда  қияр 
52 


табиғи жағдайда өсіріледі.  
2-
топ «Қиярдың биологиялық сипаттамасы» туралы баяндама жасады.  
Қияр – (лат. Cucumis sativus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық 
көкөніс  дақылы.  Жарық,  ылғалды  және  жылы  жерлерде  жақсы  өседі.  Суыққа 
төзімсіз.  Сабағы  жатаған  не  өрмелегіш,  бес  қырлы,  ұзындығы  1,5  м-дей. 
Жапырағы  кезектесіп  орналасқан,  ұзын  сағақты,  түкті.  Гүлі  сары,  дара 
жынысты. Жемісі – қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де 
жеуге болады. Құрамында 95-96% су, 4-5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2-
25% 
қант, 1%  ақуыз,  0,1%  май, 0,7%  жасунық,  С,  В  тобындағы 
дәрумендер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар [10].  
3-
топ. «Қиярды өсіру жолдары».  
Қиярды  екпестен  бұрын  жергілікті  жердің  ауа  райына  байланысты 
қиярдың  төзімді  сорттарын  таңдап  алу  қажет.  Асқабақ  тұқымдастарын  еккен 
кезде өте тереңге емес, тұқымның тұмсығын жоғары 45° бұрыштап салады.  
Тұқымды  еккен  бойдан  оны  суару  керек,  себебі  оған  үнемі  ылғалдылық 
қажет. Суды өте көп құйған жағдайда тұқым оттексіз ауада шіри бастайды.  
Қиярдың тұқымы 25 градус температурада өніп шығады.  
Қиярды өсіру барысында органикалық және минералды тыңайтқыштарды 
пайдаланамыз.  Қиярға  органикалық  тынайтқыш  ретінде  қи  салуға  болады,  ол 
денсаулыққа зиянды емес. Одан басқа 1 м
2
  5-
10 г несеп қышқылы және калий 
хлориді мен тыңайтылады.  
Гүлдеу және жеміс беретін кезінде тынайтқыштарды 1,5 есе көбейту керек. 
Тыңайтқыштарды  суда  еріген  күйінде  пайдалану  керек.  Қиярды  жылы  сумен 
суару  керек,  суық  су  оның  тамырын  зақымдап,  өсімдіктің  өлуіне  әкеп 
соқтырады. Бұлтты күндері кез келген уақытта суаруға болады, ыстық күндері 
тек кешкі уақытта ғана суару керек.  
Қиярдың  дұрыс  күтімі  топырағын  қопсыту,  арамшөптерін  жұлу,  жаңа 
өскен  сабақтарын  қыстыру  және  дұрыс  суаруда.  Ең  алғаш  топырақ  қопсыту 
жұмыстарын  топырақ  бетінен  сабақтары  шыққан  соң  істей  беруге  болады. 
Кейіннен  мұны  әр  10  күн  сайын  қайталап  тұрады.  Қопсыту  жұмыстарымен 
бірге  арамшөптерін  жұлған  абзал.  Бірақ  тамыр  сабағына  абай  болу  керек. 
Қиярды  бірқалыпты,  мол  суарады.  Судың  жетіспеушілігі  қиярдың  тез  өсуіне 
кедергі  болады.  Қиярды  кешке  қарай,  күні  бойы  күн  астында  тұрған  сумен 
суарған  жөн.  Бұл  қиярдың  тамырларының  суып  кетуіне  жол  бермейді.  Жеміс 
піскен  кезде  әрбір  екі  апта  сайын  минералды  тыңайтқыштармен 
тыңайту керек [11].  
4-
топ. «Қиярдың пайдалы қасиеттері» туралы айтып тәжірибелік жұмыстар 
көрсетеді.  
Қияр өте пайдалы көкөніс.  
1) Қияр құрамында татран қышқылы бар. Бұл ағзаға түскен көмірсуларды 
және  майларды  ыдыратады.  Диетолог  мамандардың  айтуы  бойынша  егер  сіз 
артық салмақтан арылғыңыз келсе күнделікті тамақ рационына қиярды қосуды 
ұсынады.  
2)  Қияр  ішкі  ағзаны  және  ішектерді  тазалауда  өте  пайдалы  көкөніс. 
Қиярдың құрамында 95% таза табиғи су бар.  
53 


3)  Қияр  –  калий,  магний,  кальций  элементтеріне  өте  бай.  Бұл  көкөністе 
ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, 
B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, темір, фосфор мен мырыш [12].  
Бұл заттар ағзадағы мүше және мүшелер жүйесінің жұмысын жақсартады. 
4)  Қияр  тамаша  косметикалық  зат,  себебі  бет  терісін  ағартады, 
ылғалдандырады,  жасартады  және  әжімдерді  жазады.  Қиярдың  бір  тілімімен 
теріңізді  сүртуді  әдетке  айналдырсаңыз,  келешекте  бұл  сіз  үшін  қиын  мәселе 
болмайды.  Қияр  құрамындағы  фитохимиялық  заттар  теріні  берік  қылып, 
целлюлит пен әжімдерден сақтап қалады.  
5)  Қиярды  үккіштен  өткізіп,  сығып  сөлін  аламыз,  оны  сүзіп  сынауыққа 
бірдей мөлшерде мыс гидроксидінің (көк тұнба) ерітіндісін құйып сынауықты 
шайқаймыз.  
Нәтижесі: тұнба жай еріп, көк ерітінді алынды.  
Қорытынды: қиярдың құрамында тәтті дәм беретін көмірсу (глюкоза) бар 
екендігін білдік. 
 
Төрт  топтың  әкелген  мәліметтерін  тыңдай  келе  мұғалім  қияр  туралы  өз 
кеңестерін ұсынады.  
1) Қияр сөліне балды қосып араластырып оны сүзек ауруымен ауырғанда 
дене  қызуын  түсіруге  көмектеседі.  Қияр  сөлі  пародонтоз  ауруының  емі.  Қияр 
сөлімен  шаштың  түбін  сүртсек  шаштың  түсуі  азаяды.  Есте  сақтау  қабілетін, 
жүрек, бұлшық ет жұмысын жақсартады.  
2) Қиярдың сілтілік қасиеті күшті. Егер сенің ағзаң жарақаттанып, іріңдеп 
кетсе, қиярды көбірек пайдалансаң, ағзаны қалыпына келтіреді.  
3) 
Ауыр  жұмыс  күнінен  шаршап,  үйге  әрең  жеттіңіз  бе?  Кофены  қоя 
тұрыңыз.  Тоңазытқыштан  бір  балғын  қиярды  тазалап,  жеп  көріңіз. 
Құрамындағы В дәрумендер топтамасы мен көмірсутектер сізді бірнеше сағатқа 
энергиямен қамтамасыз етеді.  
4) 
Түскі  астан  кейін  қол  астыңызда  сағыз  табылмады  ма?  Қиярдың  бір 
тілімін  тіліңізбен  таңдайыңызға  жабыстырып,  осылайша  30  секунд  тұра 
тұрыңыз.  Осылайша  ауыздағы  жағымсыз  иісті  қоздыратын  бактерияларды 
өлтіресіз.  
Үйге тапсырма: сорттары бірдей көлемі әр түрлі болатын қиярды алып оны 
кесіп, сөлінің мөлшерін, дәмін, тұқымының мөлшерін анықтау. Қиярдан бетке 
маска жасап көру және оның бет терісіне әсерін бақылау.  
 
Оқу пәні: Биология.  
Сынып: 11-сынып.  
Пән  мұғалімі:  Джаксибаева  Баян  Джұмамұратовна  –  жоғары  санатты 
биология пәннің мұғалімі.  
Өтетін орны: Астана қаласы, №64 мектеп-лицей.  
Сабақтың  тақырыбы:  «Тіршіліктің  даму  тарихы  туралы  ілім»  тарауы 
бойынша қорытынды сабақ.  
Мақсаты:  
− 
оқушылардың  тарау  бойынша  алған  білімдерін  тәжірибе  жүзінде 
қолдануын іске асыру, дүниетанымын кеңейту;  
54 


− 
оқушылардың  зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту,  ақпаратпен  жұмыс 
жасау біліктерін қалыптастыру;  
− 
топпен жұмыс жасау, бірлік пен ұйымшылдыққа, өз бетімен білім алуға 
тәрбиелеу.  
Керекті  құралдар  мен  көрнекіліктер:  слайдтар,  кестелер,  суреттер, 
оқушылардың шығармашылық жұмыстары.  
Сабақтың түрі: жоба.  
Сабақтың барысы:  
І.  Ұйымдастыру.  Сыныпты  4  топқа  бөліп  отырғызу.  Оқушыларға 
сәлемдесіп,  сабаққа  қатысын  есепке  алу.  Оқу  құралдарының  дайындығын 
тексеріп назарын сабаққа аудару.  
ІІ. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бөлімдерімен таныстыру.  
Слайд:  Бүгінгі  сабақтың  тақырыбы:  «Тіршіліктің  даму  тарихы  туралы 
ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ.  
Мақсаты:  Тірі  табиғаттың  дамуы  жөніндегі  алған  білімді  жүйелеп, 
қорытындылау, іс жүзінде қолдану.  
1 бөлім – Жобалар презентациясы.  
2 бөлім – Топтық тапсырмаларды орындау.  
3 бөлім – Қорытындылау. Топтық бағалау.  
Слайд:  Сұрақ  «Тіршіліктің  даму  тарихы  туралы  ілім»  тарауынан  нені 
меңгердік?  
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар К.Линней мен Ж.Ламарктың 
эволюциялық  идеялары.  Ч.Дарвиннің  эволюциялық  ілімі.  Эволюцияның 
қозғаушы күштері. Жер тарихының даму шежіресі. Эволюциялық процестердің 
негізгі кезеңдері. Эволюцияның басты бағыттары мен негізгі заңдылықтары.  
Тарау  бойынша  оқушылардың  білімдеріңді  тереңдетіп,  кеңейту 
мақсатында 4 түрлі проблемалық тақырып берілген болатын. Топтарға берілген 
жоба тақырыптары:  
1-
топ.  «Түрлер  өзгермейді,  жер  бетінде  қанша  түр  жаратылса,  сонша  түр 
бар» деген көзқарас дұрыс па?  
2-
топ. Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?  
3-
топ. Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы рөлі.  
4-
топ. Эволюциялық ілімнің адамның практикалық іс-әрекеті үшін маңызы 
қандай?  Әр  топтың  алдында  бағалау  бетшесі  бар.  Сабақ  соңында 
қорытындыланады.  
ІІІ. Жобаларды қорғау презентация түрінде өтеді.  
І  топ.  Презентацияны  қорғайды.  Сұрақ:  ХХ  ғасырдың  басында 
эволюцияның  синтетикалық  теориясы  пайда  болды.  Бұл  теория  жөнінде  не 
білесіңдер?  
Жауап:  Бұл  қазіргі  генетика,  экология  және  классикалық  дарвинизм 
негізінде  қалыптасқан  теория.  Бұл  теорияның  негізін  қалаушылар: 
С. Четвериков,  И.  Шмальгаузен,  Н.  Вавилов,  Дж.  Холдейн  және  т.б.  Бұл 
теорияның  11  қағидасы  бар.  Бұл  теория  эволюциялық  процесс  механизмін 
терең ашып көрсетті, көптеген фактілер мен дәлелдемелермен толықтырылды. 
Бірақ  негізі  сол  Ч.  Дарвиннің  идеялары  негізінде  қалыптасқан,  неодарвинизм 
55 


деп аталады.  
ІІ топ: Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?  
Сұрақ:  тіршіліктің  өздігінен  пайда  болмайтыны  тәжірибе  жүзінде  қалай 
дәлелденді?  
Жауап:  
ІІІ топтан. Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы рөлі.  
Сұрақ:  Австралияға  әкелінген  қояндар  жаулары  болмағандықтан,  тез 
көбейе бастайды. Сөйтіп олардың саны арта түседі. Бұл ненің мысалы?  
Жауап: биологиялық прогресс.  
ІҮ  топтан.  Эволюциялық  ілімнің  адамның  практикалық  іс-әрекеті  үшін 
маңызы қандай?  
Сұрақ: Өсімдіктер селекциясында қандай әдістер қолданылады?  
Жауап: Сұрыптау, будандастыру, жасанды мутагенез.  
Сұрақ: Қазақстанда жануарлардың мысалы қойдың қандай қол тұқымдары 
алынды?  
Арқар-меринос. Еділбай қойы. Қазақтың биязы жүнді қойы.  
Сабақтың келесі кезеңінде топтық тапсырмалар орындалады.  
№1 топ. Ч.Дарвинөзінің «Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыпталу» 
еңбегінде  «Өмір  –  бұл  күрес»  идеясын  ұсынды.  Бұл  идея  дарвинизмнің  ең 
басты қателігі еді. Бұл қандай қателік?  
№2 топ. Кестені толтырыңыз:  
Эволюциялық процестің кезеңдері.  
Қандай топтарда жүреді? Неге әкеледі? Қозғаушы күштері.  
Макроэволюция.  
№3  топ.  Суреттер  бойынша  гомологиялық  және  аналогиялық  мүшелерді 
анықтаңдар.  
№4  топ.  Жануарлардағы  бейімделушіліктің  мына  мысалдары 
бейімделушіліктің қай түріне жатады?  
Зебраның жолақтарының ені, бұзаубастың үстіңгі қанаты, жұлдызқұрттың 
жасыл  реңі,  аққояндардың  қыстағы  реңі,  құлақты  кесіртке,  улы  жыландар, 
теңізатбасының пішіні.  
Аяқталмаған сөйлемді аяқтау (барлық топқа).  
1. 
Эволюцияның қозғаушы күштерінің тұрақты әрекетінің нәтижесінде ... 
(
жаңа түрлер түзіледі).  
2. 
Көртышқанның  топырақта  тіршілік  етуге  бейімделуі  ...  (эволюцияның 
нәтижесі).  
3. 
Бір  су  қоймада  әр  түрлі  тереңдікте тіршілік  ететін  алабұғаның  әртүрлі 
түрлерінің пайда болу тәсілі ... (экологиялық түр түзілу).  
4. 
Жорғалаушылар мен құстардың белгілеріне ие археоптерикс - ... (өтпелі 
форма).  
5.  Ертедегі  аң  тісті  кесірткелерден  сүтқоректілердің  пайда  болуымен 
сипатталатын тарихи даму ... (макроэволюция).  
6. ... 
әсерінен  жаңа  мутациялары  бар  даралар  сақталады  (қозғаушы 
сұрыптаудың).  
7.  Бунақденелілер  класының  пайда  болуына  әкеліп  соқтырған  эволюция 
56 


бағыты – (ароморфоз).  
8. 
Ж.Ламарк бойынша эволюцияда негізгі роль атқаратын – (сыртқы орта 
әсерінен болатын өзгергіштік).  
9. 
Бір алқаптағы бидай арасындағы жарық, ылғал үшін күрес тіршілік үшін 
(
түрішілік күрес).  
10. 
Палеонтология  –  ...  (ертедегі  өліп  біткен  организмдердің  қазба 
қалдықтарын зерттейтін ғылым).  
Қорытынды.  Биологиялық  эволюция  –  тірі  табиғаттың  қайтымсыз  және 
белгілі  бір  дәрежеде  бағытталған  тарихи  дамуы.  Эволюцияның  тарихи  дамуы 
жөніндегі  ілім  –  Дарвинизм  теориясы.  Эволюцияның  нәтижесі  –  табиғаттағы 
түрлердің  көптүрлілігі  мен  организмдердің  қоршаған  орта  жағдайларына 
бейімделгіштігі.  
Бағалау бетшесі бойынша топтардың бір-біріне бағасын тыңдайық.  
 
Р/с 
Бағалау өлшемдері  
1-
5 ұпай 

Тақырыптың ашылуы 
 

Презентацияның мазмұны, безендірілуі 
 

Топтың баяндау шеберлігі 
 

Қорғауы (сұраққажауап) 
 

Тапсырманың орындалуы 
 

Шығармашылық жұмыс материалдары (реферат, буклет т.б.) 
 
 
Барлығы 
 
 
Ақмола облысы Стeпнoгoрск қaлaсы №2 Aқсу oртa мeктeбiнiң тaрих жәнe 
гeoгрaфия пәндeрiнiң мұғaлiмi Кaбaр Aльмурaт. Пән: География. 6-сынып.  
Сабақтың  тақырыбы:  Жердің  Күн  жүйесіндегі  орны.  Жердің  пішіні  мен 
мөлшері.  
Сабақтың мақсаты: жер туралы мәліметтер беру.  
Сабақтың  нәтижесінде  оқушылар:  Жердің  Күн  жүйесіндегі  орны,  пішіні 
мен мөлшері туралы біледі. Жердің пішіні туралы, оның Күн жүйесіндегі орны 
туралы  түсінеді.  Жердің  тәуліктік  қозғалысы,  Жер  бетіне  Күн  сәулесінің 
таралуы  табиғат  үшін  маңызын  қолдана  біледі.  Жер  мен  Күннің  айналу 
белгілеріне  қарап  сағаттық  белдеулерді  ажыратып,  ерекшеліктерін  талдай 
біледі.  
Құрал-жабдықтар: оқулық, карта, суреттер.  
Сабақ барысы:  
Ұйымдастыру.  
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру, сергіту сәті.  
2.  Сабақтың  тақырыбына  байланысты  географиялық  ұғымдар  бойынша 
топтарға бөлу.  
Үй жұмысын тексеру.  

Табиғат құбылыстары дегеніміз – ...  

Адам мен табиғи құбылыстар арасындағы байланыстар ...  

Табиғатқа қол сұғу дегеніміз – ... . тақырыптарында орындаған эсселерін 
қорғау.  
2. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.  
57 


3.  Ортақ  жұптық  жұмыс.  Тақырып  айқындағаннан  кейін  осы  тақырып 
туралы не білетінін жұппен анықтайды:  
1. Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен мөлшері қозғалыстары.  
2.  Глоссарий:  бүгінгі  сабақта  кездескен  жаңа  ұғымдар  мен  терминдерді 
анықтау, мағынасын түсіндіру.  
3. Картадан экватордың, поляр шеңберінің ұзындықтарын анықтау.  
Әр  топ  өздеріне  берілген  тақырып  бойынша  мағлұматтар  жинайды, 
әзірлеген жобаларын сынып алдында қорғайды.  
Сабақты қорытындылау.  
1. Оқушылармен біріге отырып сабақты қорытындылау.  
Үйге тапсырма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.  
1) А деңгейі: § 3 оқу.  
2)  В  деңгейі:  8  планетаны  жаттау.  Қазақстан  аумағы  қандай  жылу 
белдеуінде орналасқанын карта бойынша анықтау.  
3) С деңгей: Шеңбер арқылы радиустарды анықтау.  
Бағалау. 1. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.  
2. Оқушылар кері байланыс жасайды.  
Не ұнады:  
Не қиын болды:  
Тілегім:  
 
Пән: Биология.  
C
ынып: 10.  
Тақырыбы: Адам генетикасы. Зерттеу әдістері [13].  
Мақсаты:  1.  Генетикада  адамның  тұқым  қуалаушылығын  зерттеуге 
мүмкіндік беретін әдістерді білу.  
2.  Әр  түрлі  білім  көздерін  қолдана  білу  (мәтін,  сурет,  кесте  слайд) 
дағдыларын жетілдіру.  
3. Топта ынтымақтастықта жұмыс істеп тыңдай білуге; өзінің, өзгенің іс-
әрекетіне талдау жасай білуге үйрету.  
Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ.  
Сабақтың типі: жаңа білім меңгеру.  
Сабақтың әдісі: СТО:  

ой қозғау.  

жеке және топтық жұмыс.  

өздік жұмыс.  
-   
түртіп алу жүйесі.  

сұрақ қою.  

Әңгімелесу.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет