Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет26/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80
Мен үйрендім: ... 
Мені таңғалдырды: ... 
Мен білгім/үйренгім келеді: ... 
Үйге тапсырма  Мәтінді түсініп оқу. Ойлан, ата-анаңмен талқыла. «Басыңнан күн өтпеу 
үшін не істеу керек?»  
47 


Жалпы сұрақ: «Қаңқа мен бұлшық ет өзара қалай байланысады?». Оқулық 
мәтінімен  және  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  істеу  барысында  қажетті 
мәліметтерді дәптерге жазып отыру.  
Жалпы  сұраққа  жауап  беру  барысында  оқушылар  бір-бірін  толықтырып 
отырады.  
Сабақтың өзекті сұрағы: Адам сүйексіз өмір сүре ала ма?  
– 
«Ия» деген жауап болса дәделдеңдер.  
– 
«Жоқ» деген жауап болса дәлелдеңдер.  
Сергіту сәтін өткізу.  
Шығармашылық тапсырма:  
Барлық топтарға ортақ тапсырма.  
1. Қаңқа ... денесінің тірегі және ішкі ағзаларды ... қорғайды.  
2. 
Бұлшық ет сүйектерге ... арқылы бекінген.  
3. Қаңқа мен бұлшық ет өзара бірлесіп ... жүйесін құрайды.  
4. Тірек-қимыл жүйесінің мақсаты- организмді ... қамтамасыз етеді.  
Сабақты қорытындылау. Қаңқа мен бұлшық ет өзара қалай бірлесіп жұмыс 
істейді? Талқылау.  
Үйге тапсырма беру. Мәтінді түсініп оқу.  
 
Ақмола облысы Степногорск қаласы №9 орта мектебінің «Биология» пәні 
мұғалімі  Кожамжарова  Айсара  Бахытовна  «Асқорыту  мүшелерінің  аурулары 
және олардың алдын алу жолдары» тақырыбына 8-сыныпқа арналған деңгейлік 
жоба ұсынады.  
Сабақтың тақырыбы: Фаст фудтың зияндылығы.  
Сабақтың  мақсаты:  фаст  фуд  тағамдарының  адам  өміріне,  ағзасына 
тигізетін  зияны  туралы  көбірек  мәлімет  алу.  Фаст  фуд  тағамдарын  табиғи 
өнімдермен алмастыру жолдарын қарастыру.  
Сабақтың өзектілігі:  
Бүгінгі  күні  әрбір  адам  жедел  түрде  дайындалатын  тағамдарды  көбірек 
тұтынады. Бұл қазіргі уақыттағы ең негізгі проблема болып табылады.  
Қазіргі  кезде  шаурма,  сэндвичтер,  чебуректер,  пицца,  чипсы,  қуырылған 
картоп және түрлі газдалған сусындар көптеп кездеседі, осылардың құрамында 
не бар екен? деген сұрақ адам баласын мазалайды. Осы аталып кеткен барлық 
тағамдар  фаст-фуд  қатарына  кіреді.  Бұндай  тағамдарды  тұтынатын  адамдар 
бұны  тиімді,  ал  кейбіреулері  тамақ  пісіруге  уақыттарының  жетіспеуіне 
байланысты,  басқалары  өздерінің  қалаулары  бойынша  тамақтанады.  Бұндай 
тамақтардың  зиянды  екенін,  бірі  ойламайды,  ал  білгендердің  өзі  қуырылған 
картопты жеп, газды сусын кока-коламен шөлін басады. Фаст фуд тағамдарын 
біреулері  күнделікті  жеп-ішсе,  кейбіреулері  анда-санда  тамақтанады.  Бұл 
тағамдар қымбат емес, бірақ өте қауіпті.  
Әдісі: жобалық жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау.  
Көрнекілігі: слайд, суреттер, плакаттар, маркерлер.  
Сабақ барысы:  
І. Ұйымдастыру (тренинг).  
Сыныпты  топқа  бөлу.  Тақтаға  үш  түрлі  стикер  жапсырып  қоямын, 
48 


оқушылар  кабинетке  кірген  кезде  ұнаған  түстерін  алып,  белгілі  орындарына 
отырады.  
Бір  оқушыға  бағалау  парағы  және  житон  беріледі.  Ол  өз  тобының 
оқушыларын бағалап отырады.  
II. 
Қызықтырушылықты ояту.  
Әр топқа тақырыптың мазмұнына байланысты жобалық тапсырмалар беру. 
Оқушылар  жұппен,  топпен  талқылап  қағаз  бетіне  түсіреді.  Оны  топтағы 
баяндамашы оқушы қорғап шығады.  
І топ. Фаст-фудтың пайда болу тарихы.  
ІІ топ. Тез әзірленетін тағамдардың адам ағзасына тигізетін зияны.  
ІІІ топ. Адам денсаулығына аса қауіпті энергетикалық сусындар.  
Әр топтың қосымша әдебиеттен жинақтаған ақпараты:  
І топ оқушыларының дайындаған баяндамасы.  
Фастфуд  –  өте  тез  әрі  кең  қолданылатын  тағамдардың  бірі.  «Фастфуд» 
дегеніміз – тағам дегенді білдіреді және бұл тағам тез дайындалады, бұл әрбір 
адамға  өте  қолайлы.  1920  жылдары  ең  бірінші  фастфуд  тағамы  Америкада 
қолданысқа  ие  болған.  1921  жылы  Канзаста  White  Castle  атты  компания 
ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургтер дайындаған еді. Бұл компания 
келушілерді  гамбургердің  бағасының  тұрақтылығымен  жаулап  алды,  бірақ 
тағамның  сапасымен  құндылығы  жөнінде  компания  басшысы  Билли  Инграма 
ойламады.  1940  жылдардың  соңында  White  Castle  компаниясының  мықты 
бәсекелесі  болып  McDonald's  компаниясы  бой  түзеді.  Сол  жылдан  бастап 
McDonald's  компаниясы  алпауыт  компаниялардың  бірі  болды.  Тоқсаныншы 
жылдары  гамбургер  кедейлерге  арналған  зиянды  тағам  болып  есептелінетін. 
Оны  қала  көшелерінде  ғана  үйсіз-күйсіз  адамдарға  сататын  болған.  Тек 
кейінірек  бұл  тағам  ресторандарға  жол  тартты.  Фаст-фуд  тағамдарының  кең 
етек  алуы  америкалықтардың  күрт  семіруіне  әкелді.  Америка  ауруларды 
бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық 
қайтыс болады екен.  
 
Ауру астан.  
Көне  заманғы  қағидада  бойынша:  «Ас  –  адамның  арқауы»  -  делінген. 
Өкінішке  қарай,  біздің  замандастарымыз  өзін  дені  сау  және  сымбатты  сезіну 
үшін  қалай  тамақтану  керектігін  біле  бермейді.  Тамақтанудың  да  өзіндік 
ережелері  бар  және  оларды  ескермеуге  болмайды,  өйткені  тамақтану  –  біздің 
денсаулығымыздың  құрамдас  бөлігі  екенін  есте  сақтауымыз  қажет.  Адамның 
денсаулығы үшін тиімді тамақтану өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – 
құрамында  түрлі  қоректік  заттардың  толық  мөлшері  бар  тамақпен  ағзаны 
дұрыс, уақытылы қамтамасыз ету. Американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, 
адам  денсаулығына  өте  зиянды  «акриламид»  деген  затты  тапты.  Шаурма, 
донер-кебабтарға  қоса  гамбургер,  хот-дог,  гриль,  поп-корн,  чипсы,  картоптан 
жасалған  фри,  қақталған  шұжық  секілді  тағамдар  өте  жоғары  температурада 
дайындалады.  Осы  тағамдарды  күнделікті  пайдалану  салдарынан  асқазан 
жарасы,  созылмалы  гастрит,  өттің  толуы,  ұйқы  безінің  қабынуы,  жүрек-қан 
тамыр  аурулары,  семіздік  пайда  болатыны,  әсіресе  ас  қорыту  жолдарына  өте 
49 


зиян  екені  анықталған.  «Ауру  –  астан  ...»  деген  сөзі  бекер  айтылмаған. 
Денсаулығымызды сақтай білейік замандастар!  
ІІ топ оқушыларының дайындаған баяндамасы.  
Қазіргі  кезде  тез  дайындалатын  тағамдар  өркендеу  үстінде.  Тез 
дайындалатын  тағам  қатарына  кіретіндер:  гамбургерлер,  картопты  фри, 
картопты  чипстер,  ход-дог  жатады.  Картопты  фри  –  бұның  құрамында  аса 
қауіпті заттар бар, көп көлемдегі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті 
зиянды зат, ол адамның психикалық жүйкесіне және геннің өзгеруіне ықпалын 
тигізеді.  Швед  биохимиктері  зерттеуінде  бір  мөлшер  картопты  фриде 
акриламид нормасынан 50 есе асып тұр, яғни бір порцияда 50 г акриламид бар.  
Тез дайындалатын тағамдардың қатарына аса танымал кеспелер де жатады. 
Тез 
дайындалатын 
кеспелердің 
құрамы: 
қант, 
глютаматнатрийі 
С
5
Н
8
NO
4
Na*H
2

(E621),  пальма  майы,  бояуыштар,  қайнатыңқыраған  тұз, 
лимон  қышқылы,  ароматизаторлар,  кептірілген  тауық  етті  немесе  сиыр  етті, 
кептірілген  көкөністер,  саңырауқұлақтар.  Бұл  өнімдерді  Қазақстанға  басқа 
елдерден  әкеледі,  Ресейден  әкелінген  тез  дайындалатын  кеспелерді  арнайы 
тексерістен  өткізгенде,  адам  ағзасына  зиян  ішек  таяқшалары  бар  екені 
анықталды.  Басқа  елді  мекендерден  тек  кеспелер  ғана  емес,  басқа  да  тағам 
өнімдері Қазақстан жеріне тасымалданып отыр.  
Жылдар  бойы  улы  заттар  жиналған  адамның  ағзасы  генетикалық 
өзгерістерге  ұшырайды.  Ал,  геннің  өзгеруі  адамның  азуына,  көңіл-күйінің 
құлдырауына  әкеліп  соғады.  Бауырдың,  тамақтың,  бүйректің  қатерлі  ісігіне 
шалдығуына  себепкер  осы  канцерогендер.  Егер  тамақтың  тауар  қорабына 
(қаптамасына) құрамында Е деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық 
қоспалар,  химиялық  дәмдегіштер,  жасанды  бояу  қосылды  деген  сөз.  Олар 
өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. сау адамды науқас қылатын да 
дәл осы реагенттер.  
ІІІ топ. Адам денсаулығына аса қауіпті энергетикалық сусындар.  
Еліміздің  нарығына  шөліңді  лезде  басып,  сергітетін  түрлі-түрлі 
энергетикалық  сусындардың  қарқынды  өріс  алып  келеді.  Көбінесе  ештеңеден 
бейхабар  жасөспірімдер,  жастар,  ата-аналардың  өздері  баласының 
денсаулығына  аса  қатерлі  улы  сусын  сатып  әперіп  жатқанын  біле  бермейді. 
Кока-кола,  Пепси-кола,  Спраит,  Макси  шай  т.б.  жастардың  сүйікті  сусынына 
айналды.  
«Энергетикалық»  сусынға  деген  күдік  аса  көп.  Адамның  орталық  жүйке 
жүйесін  белсеніске  әкеліп,  жұмыс  істеу  қабілетін  арттыруға  бағытталған  бұл 
сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі 
мөлшерден  көп  қолданса,  адамның  энергиясы  немесе  бұрын  байқалмаған 
қандай  да  бір  ауруы  қозады.  Қозудың  әсерінен  адам  әлсірейді.  Ол  бірден 
байқалмағанымен,  уақыт  өте  келе  тұрақты  тұтынушының  денсаулығы  күрт 
нашарлайды.  Бұл  сусын  адамға  қосымша  қуат  береді  деген  –  қате  пікір.  Аты 
«энергетик»  болғанымен,  заты  оған  сай  емес.  Керісінше,  бойдағы  бар 
энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады.  
Еліміздегі  дәрігерлер  адамға  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлайтын  осы 
сусындардың құрамындағы түрлі химиялық қоспалар орталық жүйке жүйесін, 
50 


жүрек-қан  тамырларын  ауруға  шалдықтыратынын  айтады.  Сонымен  бірге 
энергетикалық  сусындарды  үнемі  пайдалану  тахикардия,  қант  диабеті, 
психомоторлық  қозу,  жоғары  дәрежедегі  невроз,  күйзеліс  сияқты  ауыр 
дерттерге душар ететіндігі ғылыми тұрғыда анықталған.  
III. 
Мағынаны танып білу:  
Әр  топ  оқушылары  жобалық  тапсырманың  баяндамасынан  соң,  екінші 
тәжірибелік жұмыс орындады.  
І топ. Кока-кола және чупа чупс.  
Пепси-кола,  кока-кола  айтулы  сусынының  ішіне  балалар  жақсы  көретін 
«Чупа  чупс»  домалақ  тәттісін  салып  жіберсеңіз,  ол  кәдімгідей  қайнап, 
бөтелкеден сыртқа төгіледі. Міне, кәмпит жегеннен кейін сондай сусындардың 
бірін  ішкен  кісінің  де  асқазанында  дәл  сондай  химиялық  реакция  өтеді.  Бұл 
асқазанда  да  ұнамсыз  өзгерістердің  болуына  әсер  жасап  қана  қоймай,  оның 
тікелей қызметін бұзуға да ықпал жасайтындығын көрсетті.  
ІІ топ. Кока-кола және сүт.  
Біз кока-колаға газдалған сусынның жарты бөтелкесін алып, үстіне кәдімгі 
сүт құйдық. Содан кейін 6-7 сағатқа дейін қалдырдық. 6-7 сағат өткеннен кейін 
алып  қарасақ,  сүттің  іріп  кеткенін  байқадық.  Осы  практика  жұмысының 
нәтижесінде біз кока-коланың химиялық құрамында сірке қышқылы бар екенін 
дәлелдедік.  Себебі  химиялық  реттеуіш  орто  фосфор  қышқылы  кока-кола 
құрамындағы  қантпен  қоректеніп,  сүт  қышқылын  түзеді.  Коланың 
құрамындағы  органикалық  қосылыстар  адам  ағзасындағы  асқорыту 
жолдарының кілегейлі қабықшасын тітіркендіреді.  
ІІІ топ. Сауалнама.  
Оқушылар  арасында  сауалнама  жүргізіп  фаст  фуд  тағамдарын 
қаншалықты мөлшерде тұтынатындары жөнінде ақпарат алынып қорытындысы 
шығарылды.  
1. 
Фаст фуд тағамын тұтынасың ба?  
Иә - 78%. Жоқ - 22%.  
2. 
Фаст фуд тағамдарының зияны бар екенін білесің бе?  
Иә - 30%. Жоқ - 70%.  
3. 
Фастфуд тағамдарын қанша мөлшерде тұтынасың?  
Кейде - 46%. Жиі - 20%. Әрқашан - 24%. Ешқашан - 10%.  
4. 
Фаст фуд тағамын көшеден аласың ба?  
Иә - 45%. Жоқ - 55%.  
5.Тез дайындалатын тағамдарға қандай тағамдар жататынын білесің бе?  
Иә - 57%. Жоқ - 43%.  
6. 
Фаст фуд тағамдарының қандай түрін ең көп тұтынасың?  
Хот-дог - 24%. Пицца - 26%. Гамбургер - 7%.  
Кока-кола - 34%. Донер, шаурма - 9%.  
7. 
Фаст фуд тағамдарының зияны туралы қай жерден білесің?  
Интернеттен  -  29%.  Газет-журналдан  -  12%.  Ата-анамнан  -  37%. 
Достарымнан - 22%.  
ІV. Ой толғау.  
1.  
«Ас  адамның  арқауы»,  «Ішің  ауырса  аузыңды  тый»  деген  сөздердің 
51 


мағынасын қалай түсіндіресіңдер?  
2.  
Тақырыпқа  байланысты  қазақ  халқының  қандай  мақал-мәтелдерін 
білесіңдер?  
V. Қорытынды (слайд). Слайдтар бойынша сабақты қорытындылау.  
VІ. Бағалау. Әр топтын бағалаушыларына сөз беремін, өзім де бағалаймын.  
Рефлексия.  
Сабақтан алған әсерлерін, өз ойларын стикерлерге жазып тақтаға іледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет