Ақмола облысы Ақкөл қаласы №3 орта мектебінің І санатты бастауыш
сынып мұғалімі Әубәкіров Науан Ақанұлы 3-сыныпта
«Дүниетану» пәнінен
өткізген сабағының үлгісін ұсынады.
Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа және бұлшық ет.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «қаңқа», «бұлшық ет» түсініктерімен
және олардың қызыметтерімен таныстыру.
Құрал-жабдықтар: «Адам қаңқасы» тақырыбы бойынша демонстрациялық
материал, проектор.
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру, бағалау критерийлерін
жасау, сыныпты топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру
мақсатында қойылатын сұрақтар:
–
Өткен сабақта біз не туралы айттық?
–
Тері қандай қызмет атқарады?
–
Тері үшін одан бөлінетін май мен тердің маңызы қандай?
–
Адам неліктен өз терісін күтуі керек?
Жаңа сабақ. «Миға шабуыл» стратегиясын қолдану арқылы сұрақ қоямын
«Қозғалыс – бұл тіршілік» дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар топта
талқылап, әр топ өз ойын айтады.
Адам қаңқасына шолу жасау.
Топтарға адам қаңқасының маңызы мен қызметі туралы сұрақтар беру.
1-
топқа. Барлық сүйек нені құрайды? Адамның денесінде қандай сүйектер
бар? Олардың маңызы мен қызметі туралы не білесіңдер?
2-
топқа. Бас сүйектің маңызы қандай? Бас сүйегі қандай қызмет атқарады?
Баста сүйек болмаса не болар еді деп ойлайсыңдар?
3-
топқа. Кеуде сүйектерінің атқаратын қызметі мен маңызы туралы
айтыңдар.
4-
топқа. Аяқ-қол сүйектерінің атқаратын қызметі мен маңызы туралы
айтыңдар.
Әр топ өздеріне берілген сұрақтарды топта талқылап, оқулықтан,
ұсынылған әдебиеттерден қажетті материалдарды іріктейді. Өз ойларын сынып
алдында қорғайды.
Бекіту, қорыту Тері қалай жұмыс істейді?
Тері адам организміндегі жылуды қалай
реттейді? Дәлелде.
Дәлелдемелер айтады.
Бағалау
-
өзара бағалау
-
спикер бағалау қағазын толтыруды аяқтайды;
-
мұғалімнің бағалауы.
Өткен сабақ бойынша барлық оқушылар рефлексия қағазын толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: