Естественнонаучного цикла методическое пособие


  Жаратылыстану  циклы  пәндері  бойынша  мектеп  оқушыларының



Pdf көрінісі
бет3/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80

Жаратылыстану  циклы  пәндері  бойынша  мектеп  оқушыларының 
функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  бағытталған  жобалық 
тапсырмалардың әдістемелік ерекшеліктері  
 
Еңбек  нарығына  бәсекелестік  заманында  әрбір  тұлғаның  білім  сапасын 
арттыру,  алған  білімін  күнделікті  өмірде  қолдана  білу  қабілетін  дамыту 
заманауи  мектеп  алдыда  тұрған  өзекті  мәселе  болып  отырғаны  сөзсіз.  Ғылым 
мен  техниканың  дамыған  уақытында  адамның  білімі  мен  біліктілігі  еліміздің 
бәсекеге  қабілеттілігінің  ең  басты  көрсеткішіне  айналып  отыр.  Қай  заманда 
болса  да  өркениеттің  дамуы  интеллектуалдық  шығармашылық  қабілеттің 
негізінде  іске  асатыны  белгілі.  Мектеп  оқушыларының  интеллектуалдық 
шығармашылық  қабілеттерінің  дамуы  және  шыңдалуы  үшін  пәндік 
олимпиадалар,  интеллектуалдық  ойындар,  пікірталастар  (дебат),  семинарлар, 
конференциялар  және  жобалық  жұмыстар  жүргізу  тұлғаны  дамытудың 
заманауи  құралдары  болып  табылады.  Ғылыми  жаратылыстану  пәндері 
сабақтарында  жобалық  тапсырмаларды  қолдану  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны 
қалыптастырудың құралдарының бірі болып саналады.  
Жоба – пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс 
түрі.  Қазіргі  кезде  мектеп  тәжірибесінде  қолданылып  жүрген  жобалау  әдісі 
пәндік  білімнің  мақсат,  міндеттеріне  сәйкес  табиғаттың,  қоршаған  ортаның, 
өмірдің  заңдылықтарын  зерделеуде  мәселені  өзінше  жоба  ретінде  жоспарлап 
шешімін  табу  жолдарын  іздестіреді.  Бұл  әдістің  оқу  үдерісі  барысындағы 
ерекшелігі оқушының өз жобасын құрып, шығармашылықпен айналысуында.  
Жобалау  әдісі  ең  алғаш  ХХ  ғасырдың  басында  АҚШ-ының 
ауылшаруашылық  мектептерінде  жүзеге  асырыла  бастаған.  Бұл  әдістің  негізі 
американдық  ғалымдар  Д.  Дьюи,  У.  Килпатрик,  Э.  Торндайк  идеяларынан 
алынған. Кейіннен әлемнің түрлі елдерінде кеңінен танымал болып, қолданысқа 
ие болды.  
Жобалау  –  «proicere»  деген  латын  сөзі.  Бұл  сөз  «жоспарлау,  дайындау, 
әзірлеу»  сияқты  мағынаны  немесе  жоспардың  жүзеге  асырылуын  білдіреді. 
«Жоба»  ұғымы  педагогика  саласында  ғана  емес  экономика,  басқару,  зерттеу 
салаларында  да  кеңінен  қолданылатыны  белгілі.  Мысалы:  құрылыс  жобасы, 
зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б. [2].  
Жоба  дегеніміз  –  осы  уақытта  жоқ  бірақ  құрастырылуы,  жасалуы  тиіс 
заттың,  мазмұнның  нақты  болжамы,  сонымен  қатар  ол  жағдайды  немесе 
мазмұнды  міндетті  түрде  қажетті  бағытқа  қарай  өзгертеді.  Жоба  –  оңтайлы 
тәсілдердің  көмегімен  алдын-ала  жоспарланған  нәтижеге  жетуге,  нақты 
проблеманы  шешуге  бағытталған  жұмыс.  Жобаның  құрылымына  жоба 
нәтижесіне жетудің тәсілі ретінде баяндамалар, рефераттар, зерттеушілік және 
оқушылардың басқа да өздік шығармашылық жұмыстарының элементтері кіруі 
мүмкін.  Жобалық  жұмыс  –  нәтижесі  алдын-ала  белгісіз  шығармашылық, 
зерттеушілік  мәселелерді  шешумен  тығыз  байланысты  жұмыс.  Сабақ 
барысында және сабақтан тыс орындалатын жобалық жұмыстар оқушылардың 
өз беттерінше ізденулері арқылы зерттеушілік іс-әрекет дағдыларын, ойлаудың 
зерттеушілік  түрін  меңгерулеріне,  сонымен  қатар  оқу  барысында  белсенділік 



ұстанымдарын  қалыптастыруға,  функционалдық  сауаттылықтарын  дамытуға 
жағдай жасайды.  
Жоба  әдісі  дегеніміз  –  оқытудың  жүйесі  немесе  технология.  Бұл 
технологияны  қолдану  барысында  мұғалім  өз  жұмысын  нақты  жоспарлайды, 
негізінен практикалық білім беретін жобалық тапсырмалар құрастырады және 
оларды  біртіндеп  қиындатып  отырады.  Оқушылар  мұғалімнің  басшылығымен 
және өздігінен іздену арқылы практикалық білім мен білікті меңгереді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет