Естественнонаучного цикла методическое пособие



Pdf көрінісі
бет17/80
Дата08.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#25000
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Байланысты:
1457669972239 (1)

Тапсырма.  №2  текшекарта.  Тақырыбы  «Саяжай  үлескісі  топырағының 
жағдайына сараптама».  
Мақсаты: топырақтың қышқылдылығын анықтауды үйрену.  
Қажетті құралдар: екі шыны түтікше, индикаторлы қағаз, калий хлориді.  
Тапсырма:  
1.  Өзіңнің  үйіңнің  жанындағы  бақшадан  немесе  саяжай  үлескісінен  2-3 
грамм топырақ ал. Топырақты шыны түтікшеге сал және 10 мл калий хлориді 
ерітіндісін  қосу  арқылы,  топырақ  сүзіндісін  әзірле.  Түтікше  ішіндегі  қоспа 
тұнғаннан кейін индикаторлы қағаздың жолағын алып, топырақ сүзіндісіне сал. 
2  секундтан  кейін  индикаторлы  қағазды  ал,  оның  түсін  рН  шкаласындағы 
эталонмен салыстыр (10-кесте). Топырақтың типін анықта.  
 
10-
кесте – Топырақтың қышқылдылығын анықтауға арналған шкала  
 
Жоғары 
қышқылдылық  
Орташа 
қышқылдылық  
Әлсіз 
қышқылдылық  
Бейтарап орта  
Сілтілі орта  
рН 1-2 
рН 3-4 
рН 5-6 
рН 7 
рН 8 
 
2. 
Өз  саяжайыңдағы  топыраққа  ізбестас  пен  күл  қосу  арқылы  топырақты 
ізбескелеудің қажеттігі туралы қорытынды шығар.  
3. 
Саяжайда  өсімдіктерді  өсіру  барысында  ата-анаң  тыңайтқыштар  мен 
улы  химикаттарды  қолдана  ма  екенін  анықта.  Химикаттарды  қолданудың 
қандай ережелерін білесің?  
Тапсырма.  №3  текшекарта.  Тақырыбы  «Көшеттік  (парниктік)  әсердің 
нәтижесін анықтау».  
Мақсаты: көшеттік (парниктік) әсерді көрсететін үлгі жасау.  
Қажетті  құралдар:  қақпағы  бар  мөлдір  ыдыс  (шыны  ыдыс),  термометр, 
пластмасс қасық, электр шамы, су, топырақ.  
Тапсырма:  
1.  
Мөлдір ыдыс, пластмасс қорап немесе шыны ыдыс алыңдар және оның 
түбіне  қара  түсті,  2-3  см  қалыңдықта  топырақ  салыңдар.  Топырақты 
суландырыңдар.  Ыдыстың  ішіне  термометрді  тігінен  қойыңдар.  Ыдысты 
қақпақпен  немесе  шынымен  жабыңдар  және  20-30  см  биіктікте  шам 
орнатыңдар.  
2.  
Шамды  жақпай  тұрып  ыдыстың  ішіндегі  температура  көрсеткішін 
33 


жазып  алыңдар.  Қақпақты  ыдыстың  үстінде  қалдырып,  шамды  қосыңдар.  20 
минут көлемінде, әр минут сайын температура көрсеткішін жазып отырыңдар. 
Неліктен  температура  жоғарылайды?  Бұл  үдерісті  Жердегі  парниктік  әсермен 
салыстырыңдар.  
3.  
Біздің  планетамыздағы  орташа  температураның  жоғарылауы 
материктердің  сыртқы  бейнесіне  қалай  әсер  етуі  мүмкін?  «Парниктік  әсері» 
проблемасын шешудің мүмкін жолдарын ұсыныңдар.  
Пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыруға  арналған  кіріктірілген 
тапсырмалар.  
Тапсырма.  Күнбағыс,  мақта,  жүгері  және  зәйтүн  майларын  тұрмыста 
сұйық  май  деп  атайды.  Сұйық  майды  күнделікті  өмірде  ас  әзірлеуде  жиі 
қолданады. Сұйық майлар тазартылған және тазартылмаған болып бөлінеді [7].  
1) 
Тағам әзірлеуде қандай май қолданған дұрыс деп ойлайсың? Өз ойыңды 
дәлелде.  
2)  Сұйық  май  сақталған  ыдыстың  түбінде  сарықошқыл  тұнба  түзілетінін 
байқаған  боларсың.  Кейбіреулер  көбінесе  бұл  тұнбаны  майдан  айырып  алып, 
төгіп тастап жатады. Сенің ойыңша, бұл дұрыс па? Өз ойыңды дәлелде.  
3) 
Сұйық май ыдысының түбіне жиналған тұнбаның биологиялық маңызы 
қандай? Өз ойыңды дәлелде.  
4) 
Сұйық майдың құрамында судың барын қалай анықтауғаболады?  
Тапсырма. «Сары май».  
Сары  май  –  сиыр,  ешкі,  қой  сүтінен  қаймақ,  қаймақты  былғау  немесе 
күбіде пісу арқылы алынатын майлы, құнарлы тағам. Сары майдың тағам өнімі 
ретінде қаншалықты жоғары бағаланатынын жақсы білесіңдер [7].  
1) 
Түрлі ақпарат көздерінен сары май әзірлеу туралы деректер жинаңдар. 
Сары май әзірлеу технологиясын ұсыныңдар.  
2) 
Сары майды тағамдық, дәмдік қасиеттерін жоғалтпай ұзақ уақыт сақтау 
жолдарын ұсыныңдар. Өз ойларыңды тұжырымдаңдар.  
3) 
Сары майдың құрамын анықтау үшін эксперименттер жасаңдар.  
4) 
Сары  майды  күнделікті  өмірде  нанға  жағып  бутерброд  әзірлеу  үшін 
қолданады, сонымен қатар кейбір тағамдардың дәмін келтіру немесе жеңілдету 
(жұмсарту)  үшін  де  қолданады.  Сары  майды  қандай  азық-түліктердің  дәмін 
жеңілдету  (жұмсарту)  үшін  қолданады?  Нақты  дәлел  келтіріңдер  және 
ойларыңды тұжырымдаңдар.  
5) 
Кейбір  ыстық  тағамдардың  дәмдік  қасиетін  жақсарту  үшін  де  сары 
майды  қолданады.  Сары  майды  қандай  ыстық  тағамдарға  қосуға  болады? 
Нақты мысалдар келтіріңдер және өз рецептеріңді ұсыныңдар.  
6) 
Сары  майдың  пайдалы  қасиеттері  мен  зияны  туралы  ақпарт  жинаңдар 
және қорытынды шығарыңдар.  
7)  11-
кестеде  майлардың  кейбір  түрлері  және  олардың  майлылығы  % 
есебімен  берілген.  Кестені  толықтырыңдар  (кестені  толықтыру  үшін  дүкенде 
сатылатын майлардың қаптамаларын да қолдануға болады).  
Холестерин көбейіп кетпеу үшін майдың қай түрін пайдаланған дұрыс деп 
ойлайсыңдар?  Кестеде  «ия»  жауабын  «+»,  «жоқ»  жауабын  «–»  белгісімен 
белгілеңдер. Кестені толықтырыңдар және өз жауаптарыңды дәлелдеңдер.  
34 


11-
кесте – Майдың түрлері  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет