Тапсырма. Қоршаған орта – бұл, ең алдымен заттар әлемі, олардың өзгеруі
көптеген табиғат құбылыстарының негізін құрайды. Оттегінің ауадағы масса
және көлем бойынша пайыздық мөлшері қандай әдістермен анықталады? Жер
планетасындағы оттегінің қоры қалай толықтырылып отырады?
1. Ауада оттегінің қалай пайда болатынын зерттеңдер. Оттегін алу
процесіне қандай заттар қатысады? Жаңбыр қалай пайда болады?
2. Зертханалық жағдайда оттегін алу процесін жобалаңдар «моделін
жасаңдар).
3.
Өнеркәсіптік аймақтарда және индустриалды қалаларда оттегі
концентрациясын қалай көбейтуге болатынын зерттеңдер, зерттеу
қорытындысын шығарыңдар және оттегі концентрациясын көбейту жолдарын
ұсыныңдар.
4. Тұрмыстық қоқыстардан оттегін алу процесінің үлгісін жасаңдар.
Тапсырма. Жалпы энергия туралы және заттың энергиялық әлеуеті туралы
айтқанда қандай ойлар пайда болады? Адамдар, жануарлар, өсімдіктер немесе
табиғат қандай энергия көздеріне ие. Тірі және өлі нысандарды және олардың
энергиясын (энергетикасын) зерттеңдер.
1. Өзіңнің күнделікті ішетін тамағыңның құрамына кіретін азық-
түліктердің азықтық құндылығын және химиялық құрамын зерделе.
2. Қорытынды шығар, дәлелде.
Тапсырма. Біз әрқашан асығып жүреміз, асығыс барысында аяғымыздың
астына қарамаймыз, онда не бар екеніне назар аудармаймыз ... . Кейде аспанға
қарап төбемізде қалықтап бара жатқан бұлттар «қандай керемет» дерміз, ал аяқ
астындағы топырақ туралы: «қандай керемет» демейді екенбіз.
31
1. Топырақтың, құмның және балшықтың құрамында қандай заттар бар?
2.
Топырақтың құрамын анықтау жолдарын ұсын.
3.
Қандай химиялық жолдар арқылы құмнан немесе балшықтан
компьютерлік чип алуға болады? Өз мысалдарыңды келтір және дәлелде.
Тапсырма. Сірке қышқылы. Ол – түссіз, өзіне тән өткір иісті және қышқыл
дәмді ғажайып сұйықтық.
1. Сірке қышқылын күнделікті тұрмыста қолдану. Сипаттама беру,
тұрмыста қайда қолданылатыны туралы ақпарт және тұрмыста қолдану
бойынша өз ұсынысын жасау.
2.
Құрамындағы судың мөлшеріне байланысты өзгеруі. Дайын ақпарат
жинақтау.
3. Адамның денсаулығына әсері (пайдасы және зияны). Қорғану жолдарын
және сірке қышқылымен жұмыс істегенде қолдануға арналған қауіпсіздік
ережелерін әзірлеу.
4. Тұрмыста сірке қышқылы қайда кездеседі?
Тапсырма. Сен алхимиксің бе, әлде химиксің бе? Бір нақты металды басқа
металға айналдыра аласың ба? Немесе химиялық заттар қолданбай тиындарды
бетіндегі ластан тазарта аласың ба?
1. Тиынды тазалау жолдарын ұсын. Өз ұсынысыңды практикалық жолмен
дәлелде.
2. Тәжірибе жаса. Банкаға сіркесу құй, ас тұзын қос. Жақсылап араластыр.
Әр түрлі тиындарды банкаға 5-10 минутқа сал. Қандай өзгеріс болды?
Қорытынды шығар.
3. Шегені ас содасымен тазала. Жақсылап жу. Таза шегені сіркесу, тұз
және тиындар бар банкаға сал. 15 минут күте тұр. Қандай өзгеріс болды?
Қорытынды шығар.
4. Сіркесумен жұмыс істеуге арналған қауіпсіздік ережелерін жаз.
Реферат жазуды да жобалық жұмыстың қатарына қосуға болады, бірақ ол
үшін онда жұмыстың практикалық бөлімі және нәтижесі сипатталуы тиіс.
Мысалы, мектептің жоғары сыныптарында реферат жазуға «Антропогендік
факторлар және олардың биосфераға әсері» атты тақырып ұсынуға болады. бұл
жұмысты орындауға арналған нұсқаулық текшекарталар:
Тапсырма. №1 текшекарта. Тақырыбы «Автокөліктердің пайдаланған
газдарымен ауаның ластануы».
Мақсаты: автокөліктердің пайдаланған газдарының атмосфераға түсетін
көлемін анықтау.
Мектепке немесе үйіңе жақын орналасқан автокөлік жолының белгілі бір
бөлігін таңдап ал.
1.
1 сағат уақыт ішінде автокөлік жолынан жанармаймен жүретін қанша
жеңіл көлік, жүк машиналары, автобустар өткенін сана (жазып ал).
2. 9-
кестенің мәліметтерін пайдалана отырып, жолдың осы бөлігінде 1
сағат уақыт ішінде автокөліктердің пайдаланылған газдарының атмосфераға
түсетін көлемін анықта.
32
9-
кесте – Бір автокөліктің тәулік ішінде (граммен өлшегенде) атмосфераға
шығаратын зиянды заттарының көлемі
Химиялық қосылыстар
Жүк көліктері
Жеңіл көліктер
Автобустар
СО
502,2
225,8
227,9
NO
2
70,4
43,8
17,7
С
19,3
-
3,0
SO
2
4,5
-
0,7
Рb
0,2
0,27
0,08
3.
Қорытынды жаса.
Достарыңызбен бөлісу: |