Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың
біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері
іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін,
жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға
қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Сондықтан жобалық тапсырмалар оқу процесінде білім алушылар әлемнің
жылдам өзгермелі жағдайында, яғни қызмет саласының жаңа түрлері мен
беймәлім жағдайлар туындап жататын барлық нақты жағдаяттар барысында
ұтымды шешімдер қабылдау дағдыларын меңгертеді.
Оқушылардың дарындылығын дамытудағы бұл тапсырмалардың маңызы,
ең алдымен, зерттеушілік ізденістің жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс
екендігімен түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық,
тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға
талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады.
Сондықтан, жобалық тапсырмалар арқылы оқушыны ізденушілікке баулу,
оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды
міндеті болып саналады.
Жобалық тапсырмаларды тиімді пайдалану оқушының дүниетанымы
кеңейе түседі, әдеби тіл мәнерімен сөйлеуге және жазуға дағдыланады.
Тапсырма жұмыстарының мазмұнына сәйкес әдістемелік негізділігі тиянақты
зерттеулерді, нақты мәтіндерді дәйектемелік тұрғыдан пайдалануға үйрету
арқылы шығармашыл тұлғаны қалыптастырады.
Сондықтан жобалық тапсырмалар көмегімен қалыптасқан білім, білік пен
дағдылар оқушылардың жоғары оқу орындарында ойдағыдай оқуына
ықпалдасып, қазіргі заман талаптарына сәйкес маман болуына жол ашады.
Бұл қазіргі әлем өркениетіндегі оқу мен ғылыми зерттеу жұмыстар
тұтастығы жүйесіндегі көрсеткіштер оқушының барлық деңгейдегі оқу
кезеңдерінде іздену, зерттеу қабілеттерін дамытады.
Меңгерілген ұғымдардың тереңдігінде, яғни жобалық тапсырмаларды
пайдалану арқылы олардың көпқырлы дәйектері ескеріліп, білім деңгейі
артады. Зерделенетін мәселелер арасында табиғи өзара байланыстың
орнауымен, жетекші идеялардың бағытындағы оқу материалын қарауды
қамтамасыз ететін, зияткерлік әрекет деңгейі өзгереді.