«Эстетика» сөзі ежелгі грек «аisthetikos» сөзінен шыққан, яғни «сезімдік, сезімдік қабылдауға қатысты» дегенді білдіреді. Бұл терминді 1735 жылы «Поэтикалық шығармаға қатысты кейбір сұрақтар туралы философиялық ойлар» жұмысында эстетиканы сезімдік таным туралы ғылым ретінде айқындап, жариялаған, алғаш ғылыми айналымға енгізген неміс философы Александр Баумгартен (1714-1762).