Эстетиканың пәні – өзінің құбылыстарының жалпыадамзаттық маңызы, яғни, эстетикалық құндылығы тұрғысынан алғанда оның эстетикалық байлығымен бірге бүкіл әлем болып табылады. Эстетика пәні сонымен қатар өнерге тікелей немесе өнерге ғана жатқызуға болатын эстетикалық белсенділік түрлерін қамтиды – тек пайдалы емес, сондай-ақ әдемі нәрсені модельдейтін қызметті де осыған жатқызуға болады.
Эстетикалық сана – эстетикалық сезімдер, уайымдар, бағалар, талғамдар, идеалдар және т. б. арқылы шындықты көркемдік – эмоциялық игеру ретінде іске асырылатын қоғамдық сананың нысаны.