Эстетикалық талғам — әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті. Өнер шығармалары бағаланатын эстетикалық талғам деп көркемдік талғамды айтады. Эстетикалық талғам шын мәніндегі сұлулықтан ләззат алу қабілетін, еңбекте, тұрмыста, мінез-құлықта, өнерде әсемдікті қабылдап, жасау қажеттілігін білдіреді. Керісінше, нашар эстетикалық талғам адамның шындыққа эстетикалық көзқарасын бұрмалайды, оны нағыз сұлулыққа балайды, ал кейде адамның сұрықсыз нәрселерден ләззат алуына апарып соғады. Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып-білуімен сипатталады. Дамыған эстетикалық талғам қалыптастыру эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі.