Естің түрлері. Қимыл- қозғалыс есі дегеніміз


Ерікті және еріксіз естер



бет2/3
Дата29.03.2023
өлшемі16,71 Kb.
#77346
1   2   3
Байланысты:
7 апта

Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілілігіне байланысты. Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс – тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтарды есте берік қалуы деп аталады. Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ, мұндай процестер тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жанғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылданған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі – қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, олрды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдыруың тағы бір ерекшелігі – әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан, нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырып, түпкілікті еске айналды қиындатады. Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес «алғашқы ес», «шапшаң көрініс» деп те айтыла береді. Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес ( түрлі амал – тәсілдер есі ) деген атпен белгілі
Есте сақтау мнемикалық әрекет ретінде. Есте сақтау түрлері. Есте сақтауда жаттығудың ролі. Қайта жаңғырту, тану, ұмыту және олардың байланысы мен айырмашылықтары. Ұмыту динамикалық үрдіс ретінде. Эббингауздың ұмыту заңдылығы.
Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жанғырту, ұмыту.
Есте қалдыру дегеніміз – жанадаң қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан өмір мен тілшілікке қажетті матриалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы; 3) есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу; 4) сол мән – мағыналары түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру; 5) қабылдаған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларық желісін табу; 6) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды женілдету; 7) өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу; 8) сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.
Қайта жаңғытту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән – күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
Тану – естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ққсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет