Қазіргі іс жүзіндегі ережелер бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға басшылык ету және жауапкершілік әкімшілікке жүктеледі. Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт кауіпсіздігі жөніндегі шараларды, сонымен бірге қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелдерінің және еңбекті қорғау жөніндегі заңдардың орындалуын бақылауды іске асыратын текелей басшы, өзге міндеттерден босатылған, кауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер болып табылады.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай- ак Қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың - стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі [32].
Еңбекті қорғаудың негізгі бағыты - жұмысты қауіпсіз орындауға керекті техникалык және алдын-алу кұрал-жабдықтары.
Технологиялық үй-жайларда сүт жэне сүт өнімдерінің ластануын болдырмау үшін темекі өнімдерін, сағыз резеңкелерін тұтынуға және тамақ өнімдерін қабылдауға медициналық аптечкалар мен жеке заттарды сақтауға, персоналдың әсемдік заттар мен бижутерияларды тағып жүруіне рұқсат етілмейді.
Медициналық аптечкалар технологиялық үй-жайлар мен учаскелердің тамбурларында немесе тұрмыстық үй-жайларда орналастырылуы мүмкін.
Ет өнімдерін өндіру (дайындау) процесінде персоналдың жеке гигиена ережелерін орындауын, әсіресе жұмыс алдында, жұмыстағы үзілістерден және дәретхананы пайдаланғаннан кейін қол жууға қатысты қатаң бақылауды жүзеге асырады.
Ет өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі технологиялық үй - жайларда кемірушілер мен жәндіктердің (оның ішінде шыбындардың, тарақандардың) болуына жол берілмейді.
Ет және ет өнімдерін өндіру (дайындау) объектісінің аумағына құстар мен жануарлардың болуына жол берілмейді.
Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейін анықтау әр өндіру (дайындау) объектісі үшін шығарылатын сүт өнімдерінің түрлері мен санитарлық және гигиеналык нормативтерге сәйкес технологиялық процестерді жүргізу ерекшеліктеріне карай жеке белгіленеді.
Желдету, ауаны тазалау, ауалық жылыту жүйесінің таскынды ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануы, оның рұқсат етілген шегінің 30%-нан аспауға тиіс. Егер шаң зиянды фактор болып табылса, онда келетін тасқынды ауаны тазартуды көздеу кажет.
Ластанудың ықтимал қатері бар сүт және сүт өнімдерін өндірудегі сындарлы нүктесі мынадай технологиялық процестер болып табылады: көпірту, қалпына келтіру, ингредиенттерді косу, қоюлату, нормалау, байыту, тазалау, балқыту, рекомбинирлеу, ұйыту, қойылту, ұйыту, ашыту, еріту, кептіру, термо өңдеу, буып-түю, орама, сақтау, өнімнің ерекшелігіне және өндірілген сүт өнімінің түріне байланысты тағы басқа арнайы технологиялық процестер. Көрсетілген процестер шикізаттардың және жартылай фабрикаттардың екінші рет ластануын болдырмау үшін нормативтік және техникалық құжаттарда белгіленген режимдер мен талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Өндіріс және технологиялық жабдықтар жұмыс үшін (техникалық қызмет көрсету, тазарту және майсыздандыру) қызмет көрсетуші персоналдың жұмысқа еркін кіруін қамтамасыз ететіндей болып қүрастырылуы тиіс.
Жабдық Қазақстан Республикасының ұлттык стандарттарына сәйкес мақсатына қарай пайдалану үшін ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе жарамдылығына теріс әсер етуі мүмкін температураны, ылғалдылыкты, ауа ағыны мен басқа да сипаттамаларды бакылау және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өлшеу құралдары белгіленген тәртіппен тексерілген және аттестатталған және Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат берілген өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілген болуы тиіс.
Ластануды болдырмау мақсатында кешенді технологиялық желілерге жатпайтын етті тазалау, қосалқы шикізатты дайындау, қайта өңдеу, өнімді буып-түю жөніндегі қондырғылар бір-бірінен оқшауландырылған үй- жайларда, сондай-ақ қойма үй-жайларынан бөлек орналастырылады.
Қауіпсіздікті, өнеркәсіптік зарарсыздандыруды және сақтау мерзімдерін ұзартуды қамтамасыз ету үшін ет және ет өнімдері термоөңдеуден, оның ішіндетермизациядан, пастерлеуден, зарарсыздандырудан, ультрапастерлеуден немесе ультражоғары температуралық өңдеуден өтеді.
Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелерде жетекшілері және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерінің алдын алу жөніндігі күнделікті және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер - техникалық қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша оқуын ұйымдастырады. Өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруга шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынган қымзеткерлерге кіріспе нұскау береді, т.б.
Қазіргі уакытта қандай да болсын өнеркәсіпті электр энергияны колданусыз жұмыс істеуінің өзін елестету қиын. Еліміздегі халық шаруашылығының қарқынды дамуы, өндіріске жаңа техника, автоматизация өндіру технологиялық процесс механизациясы электр энергиясын тұтынуга үлкен кажеттілік тудырады. Электр қозғалтқыштары олардың орамдары мен тек өткізгіш байктеріне тимейтіндей етіп таңдалган және орнатылған болу тиіс. Электр қозғалтқыштарын кысқа тұйықталудан корғау үшін сақтандырғыштар мен автоматты ажыратқыштар колданылады. Ауа температурасы +40°С асатын бөлмелерде орнатылатын электр козғалтқыштар үшін, олардың рұқсат етілмейтін қызып кету мүмкіншілігін болдырмайтын шаралар қолданылады, сыртқы үрлеу және т.б. Электр қозғалтқыштар олардың орамдарына және тоқ өткізгіш құрылғыларына судың, майдың, эмульсияның тиюінің мүмкіндігі болмайтындай етіп, ал құрал-жабдықтардың, ірге тастардың (фундамент) және ғимарат бөлшектерінің дірілдеуі рұқсат етілетін мәннен аспайтындай етіп таңдап алынуда және орнатылуда.