Этанол өндірісі Орындаған: Базарбекова Камила


Тікелей гидратация технологиясы



бет2/3
Дата14.11.2022
өлшемі11,11 Kb.
#50081
1   2   3

Тікелей гидратация технологиясы

Тікелей гидратация технологиясы

Этилен циркуляция газы (реакцияға түспеген этилен) жəне бумен араласып, (1) жылу алмастырғышқа келіп, одан соң құбыр пешінде (2) 280˚С-ға дейін қыздырылып, контакт аппаратына (3) келеді. Контакт аппаратында катализатордан сүзіліп өтіп, бу күйіндегі этил спиртін түзеді. Контакт аппаратынан (3) шыққан бу-газ қоспасы (1) жылу алмастырғышқа жіберіліп салқындайды. Коденсацияланған су жəне спирт (4) жинақтағышта газдан бөлінген шикі-спирт (15- 16% CH3 -CH2 OH) тазартуға жіберіледі. Реакцияға түспеген этилен тоңазытқыштан (5) өтіп, этанолды этиленнен толық бөліп алу үшін (6) қондырмалы колоннада сумен жуылады, жуынды шикі-спиртке қосылып, тазартуға жіберіледі. Реакцияға түспеген этилен жаңа келген этиленмен қосылып, үрдіске қайта жіберіледі.

Тікелей гидратация

Этиленді тікелей гидраттау үрдісі 280-300˚С температурада, 7-8МПа қысымда жəне катализатор ретінде ортофосфор қышқылы сіңірілген алюмосиликаттың қатысуымен жүреді. Этанол шығымына H2 O:С2 Н4 моль қатынастары, контакт уақыты, көлемдік жылдамдық əсер етеді. Оптималды параметрлер: H2 O:С2 Н4 = 0,6:1; газ-бу қоспасының көлемдік жылдамдығы 1800-2500 сағ-1. Бір циклдегі этиленнің конверсиялану дəрежесі 4-5%-дан аспайды. Реакцияға түспеген этиленді циклге қайта жіберіледі.

Жанама гидратация

А. М. Бутлеров ашқан күкірт қышқылы əдісі: этилен күкірт қышқылына абсорбцияланып күкірт қышқылды эфирдің түзілуі; эфир гидролизденіп спирттің түзілуі; спиртті бөлу жəне оны ректификациялау; күкірт қышқылын концентрлеу сияқты төрт сатыдан тұрады.

Күкірт қышқылымен этиленнің əрекеттесуі екі сатыдан тұрады:


  • біріншісі – этиленнің күкірт қышқылында еруі

  • екіншісі – екі компоненттің гомогенді əрекеттесуі нəтижесінде, алкилсульфат түзілуі:

  • CH2 = CH2 + HOSO2OH = CH3-CH2OSO2OH

  • C2H5OSO3H + C2H4 = (C2H5O)2SO2

Жанама гидратация

Орташа температурада реакция қайтымсыз, бірақ қыздырғанда тепетеңдік солға ығысады. Үрдістің оптималды температурасы 70-80˚С. Этил жəне диэтилсульфаттың гидролизі келесі теңдеумен жүреді:

1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет