Етеккір циклінің бұзылысы. Пубертат кезеңінде аномальдық жатыр канамасы


жатыр миомасы – бұл бірыңғай салалы бұлшықеттен дамитын ісік



бет9/11
Дата02.06.2023
өлшемі83,25 Kb.
#98144
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
мсак

жатыр миомасы – бұл бірыңғай салалы бұлшықеттен дамитын ісік.
Ісіктің гормонға тәуелді екені белгілі.
Клиникасы:
Жатыр миомасының клиникалық көрінісінде негізгі және ең ерте байқалатын белгісі — қан кету.
Кішкене ауырсыну

Диагностика: гистероскопия
Гистеросальпингография
Түйін анықтау үшін


Субмукозды орналасқа ісіктерде жүктіліктің 14-15 аптаға дейін,кейін оперативті ем тағайындалады

Фиброма-дәнекер тінде пайда болатын ісік.
Көбінесе үлкен жыныс ернеулерін немесе қынап кірберісін зақымдайды
Жай өседі, дисмайдты түрі қатерді ісіккеайналуы мүмкін.

Диагностика: Геникологиялық қараулар


  1. Әйел жыныс мүшесінің ісікті қатерлі аурулары

Қатерлі ісік, құрылым элементтерінен, тіндерден жинақталған жасушалардан бастау алады. Бүкіл ағзадағы тіндерден түзіледі.
Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.
Ісіктер залалды және залалсыз болып бөлінеді:
Залалсыз ісктерде қатерлі ісіктің категориялары болмайды.
• Залалсыз ісіктер өмірге көп қауіп төндіре бермейді.
• Әдетте залалсыз ісіктер жойылғаннан кейін қайта пайда болмайды.
• Залалсыз ісіктердің жасушалары ми тіндерінің айналасына өсіп шықпайды.
• Залалсыз ісіктің жасушалары басқа мүшелерге және дененің басқа бөліктеріне таралмайды.
Залалды ісіктер қатерлі ісікпен тікелей байланысты болып табылады.
• Залалды ісіктер залалсыздарға қарағанда салмақтырақ симптомдармен көрініс береді. Олар науқастың өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.
• Залалды ісіктер көп жағдайда жойылады, бірақ қайта пайда болуы да мүмкін.
• Залалды ісіктер өзіне тиесілі мүшелер мен тіндерді зақымдауы мүмкін, немесе оларды ісітеді.
• Залалды ісіктердің жасушалары басқа мүшелер мен дене бөліктеріне таралады (метастазданады). Қатерлі ісік жасушалары таралып, өзімен байланысқан, қан ағымын немесе лимфа түйіндерді ісіте бастайды. Ісік жасушалары басқа мүшелерде дамиды, ол жерде мүшені зақымдайтын жаңа ісіктер түзеді. Басқа мүшелерге таралған қатерлі ісік жасушаларын метастаздар деп атайды, ал олардың таралу процессі метастаздану болып табылады.
Ісіктің жайылуы кезінде және басқа мүшелерге немесе дене бөліктерінде жаңа ісіктердің түзілуі кезінде олар аномальді жасушалар құрайды және олардың барлығын алғашқылық деп атайды. Мысалы, қуық асты безінің қауіпті ісігі сүйекке жайылса, ол қуық асты безінің метастаздануы болады, сүйектің қауіпті ісігі болып саналмайды. Егер ол осындай себептерден туындаса, сүйек ісігі емес, қуық асты безінің ісігі бойынша емделеді. Дәрігерлер бұлай туындаған ісіктерді кейде «дистантты» немесе метастатикалық ауру деп атайды.
Жатыр мойны қатерлі ісігінің қауіп факторлары
Дәрігерлер неге кейбір әйелдерде жатыр мойны обыры дамиды, ал кей біреулерде мүлдем болмайды деген сұрақтың жауабын әлі күнге дейін таба алған жоқ. Бірақ бізге бір белгілісі әйелдерде белгілі бір қауіп факторларының әсерінен цервикальді обыр дамуы мүмкін. Аурудың дамытуы мүмкін қауіпті факторлардың бәрі – қауіп факторы деп аталады. Зерттеулер барысында цервикальді обырды дамытатын факторлар тізімі табылды. Бұл факторлар тіпті де жоғары қауіппен астасып кетуі мүмкін:
• Адам папиллома вирусы (АПВ): АПВ инфекциясы цервикальді обыр үшін ең негізгі фактор болып табылады. АПВ – бұл жатыр мойнын инфекциялайтын вирустар тобы. АПВ инфекцияссы өте кең таралған. Бұл вирустар адамнан адамға жыныстық қатынас арқылы жұғады. Көбінесе ересек адамар өз өмірінің белгілі бір кезеңдерінде АПВ – жұқтырып алып жатады. АПВ-ның кейбір түрлері жатыр жасушаларын өзгертуі мүмкін. Бұл өзгерулер: генитальді сүйел, обыр және т.б. мәселелермен сипатталуы мүмкін. Дәрігерлер АПВ бойынша тексеруге сүйел болмаса, басқада симптомдар болмаса да бағыттауы мүмкін.
• Егер әйелде АПВ анықталса, оны дәрігер басқа адамдарға вирус жұқтырмас үшін түрлі әдістер жайында әңгімелеседі. Папаниколау бойынша жұғынды алу АПВ-дан туындаған жатырдағы жатырдағы жасушалардың өзгеріін анықтауға мүмкіндік береді. Жасушалардағы бұл өзгерісті емдесе, цервикальді обырдың алдын алуға болады. Ол үшін бірнеше емдеу әдісі де бар: инфекцияланған тіндерді қатыру немесе күйдіру. Кейбір жағдайларда дәрілерде өз пайдасын тигізуі мүмкін.
• Папаниколау бойынша жұғындыны тұрақты түрде алмау: Цервикальді обыр Папаниколау бойынша жұғындының көмегімен тұрақты түрде тексеруден өтпейтін әйелдер арасында кеңінен таралған. Бұл тексеру арқылы дәрігерлер обыр алды жаушаларды тауып алады. Өзгерген обыр алды жасушаларды емдесе жатыр мойы обырқа тап болудан аман болады.
• Иммун жүйесінің әлсіреуі (ағзаны қорғап тұратын табиғи жүйе):АИТВ (ЖИТС тудыратын вирус) инфекциясы бар немесе иммун жүйесін демеу үшін дәрі қолданып жүрген әйелдер цервикальді обырдың жоғарғы сатысына тап болу қаупінде болып саналады. Мұндай әйелдерге дәрігерлер цервикальді обырдың белгілеріне қарсы тұрақты түрде скринингтік тексеруден өтіп тұруына кеңес береді.
• Жасы: Жатыр мойны қатерлі ісігі 40 жатан асқан әйелдер арасында кездесіп жатады.
• Жыныстық қатынастың кері сараптасы: Көп адаммен жыныстық қатынасқа түетін әйелдерде цервикальді обырға тап болу қаупі орташадан жоғары болып саналады. Сондай-ақ, көптеген әйелдермен жыныстық қатынас жасайтын еркекпен байланысқан әйел де цервикалді обырдың дамуы ықтимал топтың қатарында болып саналады. Екі жағдайда да цервикальді обырдың даму қаупі жоғары себебі бұл әйелдерде АПВ инфекциясының туындау қаупі орташадан жоғары болып табылады.
• Шылым шегу: АПВ инфекциясы бар, темекі шегетін әйелмердің аталмыш инфекциясы бар, бірақ шылым тартпайтын әйелдерге қарағанда цервикальді обырға тап болуы қаупі басымырақ болып келеді екен.
• Жүктілікке қарсы дәрілері ұзақ уақыт қолдану: Жүктілікке қарсы дәрілерді ұзақ уақыт бойы (5 немесе одан да көп жыл) қолдану, АПВ бар әйелдің цервикальді обырға тап болу қаупін арттырады.
• Көп балалы әйелдер: Зерттеушілердің айтуынша, АПВ бар әйел көп босанса, ол цервикальді обырдың жоғарғы сатысымен ауру қаупінде болып есептеледі екен.
Жатыр мойны обыры бойынша қауіп факторлары болып табылатын қандай да бір себепен алаңдап жүрген әйел, өзінің мәселесі төңірегінде дәрігерге қаралып көргені дұрыс.
Жатыр мойны қатерлі ісігінің симптомдары
Обыр алды өзгерулер және жатыр мойны қатерлі ісігінің батамасында ауру сезімдері мен басқа да симптомдар көрініс бермейді. Дәрігердің қабылдауына дейін ауруды күтудің қажеті жоқ.
Әйелдердің жағдайы нашарлай бастағанда төмендегідей бірнеше симптомдар пайда болуы мүмкін:
 Қынаптан әдеттегіден тыс қан кетеді
o Тұрақты етеккірлер арасында қан кете бастайды;
o Жыныстық қатынастан кейін, жамбасқа тексеру жүргізгенде қан кетеді;
o Етеккір бұрынғысынан қарағанда ауыр болады, және ұзаққа дейін тоқтамайды;
o Менопаузадан кейін қан кетеді:
 Қынаптан бөлінділер көп шыға бастайды;
 Жамбас жақтың ауруы күшейеді;
 Төсек қатынасына түскен кезде ауру сезімі мазалайды.
Бұл симптомдар сондай-ақ, инфекция немесе денсаулыққа байланысты басқа да мәселелер туындағанда туындауы да мүмкін. Нақтысын сізге, тек дәрігеріңіз айтып бере алады. Осындай кез-келген симптомы бар әйелдер дәрігерге қаралуы керек, себебі, диагноз қанша ерте қойылса, емдеу де соншалықты уақытымен жүргізіледі.
Жатыр мойны қатерлі ісігінің диагностикасы Әйелдерде симптомдар пайда бола бастаған кезде немесе Папаниколау тестінің нәтижесінде обыралды жасушалар көрінсе немесе жатыр мойны қатерлі ісігі пайда болса, дәрігер ауруды диагноз қою үшін басқа процедураларға бағыттайды.
Олар:
Кольпоскопия: Дәрігер жарытды қарау үшін кольпоскоп қолданады. Колпоскоп деген өткір жарық және лупаме үлкейтіледі, тінді анық көруге мүмкіндік туғызады. Ол жатырға кіргізілмейді. Кольпоскоп әдетте клиникада дәрігердің кеңсесінде жүргізіледі.
Биопсия: Дәрігер обыралды және обырлы жасушаларды анықтау үшін тіндерді жояды. Көптеген әйелдер биопсияны жерлігікті анестезиямен дәрігердің кеңсесінде жасатады. Потологанотом микроскоппен тінді зерттейді.
o Шертпелі биопсия: дәрігер цервикальді тіннің аздаған үлгісін шерту үшін өткір, іші қуыс құралды пайдаланады.
o Тұзақшалы электрохирургиялық зерттеу (ағылшынша транскрипциясы LEEP): Дәрігер тін аумағынан жіңішке домалақ кесіндіні алу үшін электірлік сымды ілмекті қолданады. Кейбір дәрігерлер қырнауыштың орнына жіңішке, жұмақ щетканы қолдануы мүмкін.
o Орақтәріздес биопсия (конизация): Дәрігер тіннің үлгісін конус формасында жояды. Конизация немесе орақтәріздес биопсия, потологанотомдарға жатырдың жасушаларының жоғарғы қабатында аномальді жасушалардың бар-жоқтығын көруге мүмкіндік береді. Дәрігер бұл тесті емханада жалпы наркозбен өткізуі мүмкін. Конизация обыра лды жақтарды да жою үшін қолданылуы мүмкін.
Жатыр мойның тінін жойғаннан кейін аздаған қансыраулар мен бөлінулер туындауы мүмкін. Сондай-ақ әйелдер етеккірге ұқсайтын кішігірім ауру езімдерін де байқауы мүмкін. Бірақ, бұл жайсыздықты дәрі-дәрмектердің көмегімен де реттеуге болады.
Сатыларын анықтау
Егер биопсиядан сізде қатерлі ісіктің бар екені расталса, дәрігеріңіз жамбас жағыңызға мұқият тексеру жүргізеді және тіннің қосымша аумақтарын жоюы мүмкін. Ол арқылы сіздің ауруыңыздың даму сатысын анықтап алуға болады. Сатылар, ісік өзіне қатысты тіндерде өсті ме, қатерлі ісік таралды ма, егер таралған болса, қандай ағзаға таралыды деген зерттеулер негізінде анықталады.
Цервикальді қатерлі ісіктің атылары:
• 0 сатысы: қатерлі ісік тіннің жоғарғы қабатындағы мойынға төселген жасушаларда ғана көрінеді.
• І сатысы: Қатерлі ісік мойынның үстіңгі қабатындағы жасушалардан көрінісс береді. Ол тек жатыр мойнында ғана бой көрсетеді.
• ІІ сатысы: Қатерлі ісік жатыр мойнының қабырғасын тесіп өтіп іргелес тіндерге таралады. Ол қынаптың жоғарғы бөлігіне орналасады. Қатерлі ісік қынаптың төменгі бөлігінен немесе жамбас қуысының қабырғасында көрінбейді.
• ІІІ сатысы. Қатерлі ісік қынаптың төменгі бөлігіне таралады. Ол сондай-ақ, жамбас қабырғаларына және іргелес лимфотүйіндерге таралады.
• IV сатысы. Қатерлі ісік қуыққа, тік ішекке немесе басқа мүшелерге таралады.
• Қайталанатын обыр: Обыр емделіп, кейін қалып қойған бөлігі бірнеше уақыттан кейін қайта бой көрсетуі мүмкін. Ондай обыр жатыр мойнында немесе басқа мүшеде пайда болуы мүмкін.
Аурудың даму сатысы анықталып, емдеу курстары жалғасып, содан науқас тексерудің келесідей түрлеріне бағытталуы мүмкін.
Кеуде жасушасын рентгеннограйфиядан өткізу: Ренгенография обырдың өкпеге таралған-таралмағандығын анықтауға мүмкіндік береді.
Компьютерлі томография: Компьютерге жалғанған ренгенологиялық құрылғының көмегімен, мүшелердің анық кескіндеме сериялары жасалынады. Науқастарға контрасты заттар берілуі мүмкін, инекция сіздің иығыңызға немесе білегіңізге, ауыз арқылы не болмаса клизманың көмегімен енгізілуі мүмкін. (кейбір адамдардың контрасты заттарға аллергиясы болады, құрамында йод болса. Егер сізде осындай аллергия болса дәрігерге немесе медбикеге айтып қойыңыз). Контрасты заттар аномальді аумақтарды анық көруге мүмкіндік туғызады. Компьютерлі томографияда бүйрек ісігі, өкпе ісігі немесе қандай да бір жерде ісік болса, сол көрінетін болады.
• ЯМР: компьютерге жалғанған күшті магнит, құрсақ қуысы мен жамбас қуысы мүшелерінің анық кескіндемелерін жасау үшін қолданылады. Дәрігерлер бұл кескіндемелерді монитродан көруі мүмкін немесе таспаға да басып шығарады. ЯМР қатырлі ісіктің жайылғандығын көрсетеді. Кейде контарсты заттар аномальді жасушаларды кескіндемеден жақсы көрінетіндей етеді.
• Ультрадыбыс: Ультрадыбысты құрылғы құрсақ қуысына қарама-қарсы орнатылады немесе қынаптан енгізіледі. Құрылғы адамдар ести бермейтін дыбыс толқынын жібереді. Толқындар жатыр мойны қабырғасынан және іргелес тіннен секіріп өтіп тұрады, ал компьютер осыжаңғырықты пайдалана отырып, кекін құрайды. Ісіктер тіндердің шығаратын дыбысынан өзге жаңғырық шығаруы мүмкін. Бұл кескіннен де ісіктің таралған-таралмағандығы жайында білуге болады.
Жатыр мойны қатерлі ісігінің емделуі
Цервикалды обырға шалдыққан көптеген әйелдер медицина тұрғысынан өздеріне деген көмектің түрлерінен хабардар болғысы келеді. Науқастардың ауру туралы жан жақты танысып, оның емдеу жолдарын іздестіруі әрине белгілі. Алайда обыр ауруына шалдыққаны туралы хабардан естерін жия алмаған науқастар, дәрігерге нақты және қажет сұрақтардың бәрін қоя алмай қалады. Мұндай мәселе дәрігерге бармастан бұрын, сұрақтарды дайындап, толықтырып жазып алу арқылы шешімін табады.
Дәрігердің айтқандарын есте сақтап қалу үшін, пациенттер жазбалар жасауына болады немесе рұқсат сұрап диктафонның көмегіне жүгінеді. Сондай –ақ кейбір пациенттер дәрігермен сөйлесу барысында туысқандарының немесе досының әңгімелеріне қатысып, жазба жасап немесе жай ғана тыңдап отыруы үшін, бірге болуын қалайды.
Сізге бірден барлық сұрақтарды қою міндет емес. Кейбір түсінксіз жайттарды немесе қосымша ақпарат алу үшін дәрігеріңізден кеңес алу мүмкін болады. дәрігеріңіз арнайы мамандарға жолдайды немесе өзіңіз мұндай жолдаманы сұрап алуыңыз мүмкін. цервикалды обырды емдейтін аранай мамандарға - гинеколог, гинеколог- онкологтар, медициналық онкологтар және онколог – радиологтар болып табылады.
Емделуге дайындалу
Емдеу әдісі негізінен ісіктің мөлшері мен оның таралып таралмайтынына байланысты таңдалады. Бала көтеретін жастағы әйелдер болса,емдеу түрін болашақта ана атанғысы келетінін немесе келмейтініне байланысты сұрастырылып тағайындайды.
Дәрігеріңіз әр түрлі емдеу тәсілдерімен және күтілетін нәтижелердің әр жағдайда әр түрлі болатынын хабарлауы мүмкін. Сіз және дәрігеріңіз медициналық көрсетілімдерге және жеке бастың құндылықтарына байланысты қарастыра отырып, емдеу жоспарын жасап алуларыңызға болады.
Емдеу тәсілдері
Цервикалды обырға шалдыққан әйелдерді хирургиялық операциямен, сәулелі терапия және химиотерапиямен немесе осы үш әдісті бірге қолдану арқылы емдеуге болады.
Цервикальді обыры бар әйел аурудың кез-келген сатысында ауруды және басқа да симптомдарды бақылау, жанама әсерлерді басу үшін, сондай-ақ эмоциялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін ем жүргізуі мүмкін. Мұндай емдер күтімілге қолдау көрсету, симптомикалық емдеу немесе паллиативті күтім деп аталады.
Хирургиялық емдеу
Жатыр мойны обыры, сол аумақ, оған жақын іссіктер хирургиялық жолмен емделеді. Цервикальді обырдың бастапқы формасына тап болған көптеген әйелдер жатыр мойнын және жатырын алдыру үшін (тотальді гистерэктомия жату үшін) хирургиялық емге барады. Кейде тіпті цервикальді обырдың ең бастапқы сатысына (0 сатысы) тап болған жандарға гистерэктомияны да орындау мүмкін болмай жатады. Обыр жасушаларын жоюға бағытталған басқа да әдістерге конизация, кирохирургия, сәулелі хирургия немесе LEEP-терді жатқызуға болады.
Кейбір ауқастарға радикальді гистерэктомия қажет болады. Бұл операция түрі жатырды, жатыр мойнын және қынаптың бөлігін алып тастауға бағытталады.
Тотальді немесе радикальді гистерэктомияны орыдау барысында хирург фаллопиев түтігін және аналық безді алып тастауы мүмкін.(Бұл шара сальпинго-оофректомия деп аталады).
Хирург сондай-ақ обыр жасушасының болуына қарай ісіктің қасында орналасқан лимфатүйінді де алып тастауы мүмкін. Егер обыр жасушасы лимфатүйіндерге жетсе, онда ауру, басқа да мүшелер мен дененің бөліктеріне таралу мүмкіндігі болады деген сөз.
Сәулелі терапия
Сәулелі терапия (радиотерапия деп те аталады) обыр жасушасын жою үшін жоғары-энергиялық сәулені қолданады. Ол өзі түсірілген, яғни әуле шағылысқан жерге ғана әсер етеді.
Радиациялық терапиясының науқастарға ыңғайына қарай, химиотерапия немесе химиотерапия мен хирургияны қатар қолдану тағайындалады. Дәрігер сәулелі терапиямен хирургиялық операцияны, тек медициналық себептерге байланысты хирургиялық ем оңтайсыз болып қалған жағдайда ғана қолданылады. Жатыр мойны маңындағы таралған обыры бар аурулардың көпшілігі сәулелі және химиотерапияның курсына барып тұрады. Белгілі бір мүшелерге обыр іссігі жайылып кетсе, сәулелі терапия тағайындалуы мүмкін.
Дәрігер цервикальді обырды емдеу үшін сәулелі терапияның екі түрін қолдануы мүмкін. Кейбір науқастарға екі түрі де емделуге жарайды.
• Сыртқы сәулелендіру: Сәуленің негізгі көзі үлкен құрылғы, ол денеден тыс жүзегеасады. Әйелдер әдетте, амбулаторялық жағдайдағы емхана немесе клиникаға емделуге барады. Сосын, сыртқы сәулелендіруге аптасына 5 күні, бірнеше апта бойы ем алуы мүмкін.
• Ішкі сәулелендіру (ішкі-қуыстық сәулелендіру): Құрамында радиоактивті зат бар, жүңішке түтікше (имплант деп те аталады) қынап ішінде бірнеше сағаттан 3 күнге дейін қалдырылады. Мұндай кезде әйелдер емханада жатқызылады. Айналасын радиациядан қорғау үшін, түтіктер іште қалады. Әйелге келушілер кіргізілмейді ол кезде, кіргізілсе де өте қысқы уақытқа кіріп шығады. Тек әйелдің ағзасы радиоактивтеніп болғаннан кейін ғана түтіктер алынады. Ішкі сәулелендіру екі рет өткізіледі немесе бірнеше аптадан кейін жүргізледі.
Химиотерапия
Химиотерапия обыр жассушаларын жою үшін обырға қарсы дәрілерді қолдану арқылы жүзеге асады. Ол жүйелі терапия деп аталады, себебі, дәрі барлық ағзаға әсер ету үшін қан ағымына құйылады. Цервикальді обырды емдеу кезінде, химиотерапия сәулелі терапиясымен бірге қолданылады. Егер обыр, белгілі бір мүшелерге жайылып кетсе, тек химиотерапия ғана қолданыладды.
Цервикальді обырға қарсы қоланылатын дәрілер, әдетте, ішкі тамырға енгізіледі. Ем, өз жолы бойынша емхананың бөлмелерінде немесе дәрігердің жеке кеңсесі, не болмаса үйінде жүргізіледі. Кейде, науқасты емдеу уақытында госспитализацияллау қажет болады.
Емнің жанама әсерлері
Обырды емдеу барысында сау тіндер мен жасушалар зақымданады, оның салдарынан жағымсыз жанама әссерлер туындайды. Ол емнің негізі мен қарқындылығына байланысты болады. Жана әсерлер әр науқаста әртүрлі болады, және емдеудің курстарында өзгерістері де бір-біріне ұқсай бермейді. Емдеудің бастапқы кезінде медициналық мамандар, науқасқа жанама әсерлер жайында айтады, және онымен қалай күресуі керектігі жөнінде көмек болтын жолдарды қарастырады.
Хирургиялық ем
Хирургиялық операциядан кейін жазылу үшін бірнеше уақыт керек, және ол уақыт әр науқаста әртүрлі. Сіздің дел-сал күйіңіз бірнеше аптаға дейін жалғасуы мүмкін. Бірақ, ауру жайттары әдетте, дәрігерлердің қадағалауында болады. Операцияға дейін ауруды басатын амалдар жайында дәрігер немессе медбикелер бірлесіп жоспар қарастырып алу керек. Операциядан кейін дәрігеріңіз сіздің қажетіңізге қарай жоспарды саралап түзетуі мүмкін.
Егер сізге жатыр мойнының үстіңгі жағын жоюға бағытталған операция жүргізілген болса, онда сізде құрыспа аурулар бой көрсетуі мүмкін және қан кетулер мен сулы бөлінділер шығады. Егер сізге гистерэктомия жүргізілсе, сізді емханада бірнеше күннен, бірнеше аптаға дейін жатқызып қоюы мүмкін. Бірнеше уақытқа дейін шаршау, әлсіреу деген секілді сезімдер болады. Жүрек айнуы да, құсу да мүмкін, сондай-ақ қуықта, ішекте де мәселелер туындауы ықтимал. Алдымен дәрігеріңіз диетаңызды тек қана сұйық аспен ғана шектейді. Кейіннен аз мөлшерден бастап, ұлғайта отырып қою асқа көшсеңіз болады. көптеген әйелдер операциядан кейін 4-8 апта ішінде өз қалыпты өмір сүру деңгейіне оралады.
Гистерэктомиядан кейін әйелдердің етеккірі келуін тоқтатады. Бала көтеру мүмкін болмайды. Жұмыртқаларын алып тастағаннан кейін бірден менапауза басталып кетеді. Операциядан кейін орнаған менапауза және оның басқа симптомдары табиғи түрде орнаған менапаузаға қарағанда ауыр сипатта білінеді. Қаласаңыз, бұл мәселені дәрігеріңізбен операцияға дейін талықалап алуыңызға болады. Зерттей келе, кейбір препараттарды операцияға дейін қолданса, симптомдардың біліне бастаған кезінде жақсы әсер ететіні байқалған.
Операциядан кейін кейбір әйелдерді сексуалды қарым қатынас жағдайы алаңдатады. Көптеген әйелдерге бұл сұрақты өз серіктерімен талқылау көмектеседі. Мұндай алаңдаушылықты талқылау үшін жұбайлар кеңес алатын жерге барса болады.
Сәулелі терапия


  1. Жатыр ішілік зат спираль қолдану көрсеткіштері, артықшылығы кемшілігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет