5. Сөмкенің орны Кішігірім клатчты үстелдің үстіне қоюға болады. Ал көлемдірек сөмкені үстелдің арқасына ілу не жерге қою керек.
5. Сөмкенің орны Кішігірім клатчты үстелдің үстіне қоюға болады. Ал көлемдірек сөмкені үстелдің арқасына ілу не жерге қою керек.
6. Ер адам әйел сөмкесін ұстап жүрмеуі керек Еріне сөмкелерін ұстатып қоятын әйелдерді жиі кездестіреміз. Егер сөмкеңіз сіз үшін ауыр болса, үйден шығармаңыз. Ер адам тек пакет, дорба көтеріп жүреді. Ал әйел сөмкесін өз иесі тағып жүргені жөн. Сонымен қатар әйелдердің пальто, күртесі де өз қолында жүруі керек. Ал ер адам оны тек гардеробқа апару үшін қолға алады.
7. Үй киімі ыңғайлы әрі өңді болуы керек «Үйде жүрмін» деп жыртылған, тозған киімді киюге болмайды. Бұл этикаға жат, әрі өзіңіздің рухани тазалығыңызды кірлетеді. Өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам жыртық, жамау (әрине трендтегі киім бір бөлек) киіммен жүрмейді. Сонымен қатар пижаманы да киіп жүру этикаға қарсы әрекет саналады. Пижаманы тек түнгі уақытта киіп жату керек.