Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.
Қазіргі заманда әдеп, этика заңдылықтарын білу шарт. Мені біреу сыйласын десеңіз, ең алдымен өзіңізден бастаңыз. Біреуді мінеп, сынаудан бұрын, өзіңізді әдептілікке үйретіңіз. Назарларыңызға күнделікті өмірде қажет болатын этика нормаларын ұсынамыз.

1. Мақтау сөзді дұрыс қабылдай білу Егер біреу тағамыңызды мақтаса, азық-түлікті қай дүкеннен алып, қанша сағат дайындағаныңызды баяндай жөнелмеңіз. Жай ғана «рақмет» деудің өзі де жеткілікті.
2. Өзіңіз жайлы жиі айта бермеу Біреуге сіздің өміріңіз, жұмысыңыз, туыстарыңыздың халі, ауру-сырқау туралы әңгіме қызық болады деп ойласаңыз да, бұл тақырыпты жиі қозғай бермеңіз. Сұхбаттасыңыз сұрақ қойса ғана жауап беріп отырыңыз. Өзіңізге қатысы жоқ нәрселер жайлы әңгімелескен дұрыс.
3. Қонаққа ескертусіз келмеу Біреудің үйіне ескертусіз бармаған жөн. Себебі ол адамның өз жоспарлары болуы немесе жай ғана шаршап, ертерек жатып, демалғысы келуі мүмкін.
4. Қолшатырды тек үйде кептіру керек Көбіміз кеңседе, қонақта қолшатырды жайып, кептіруге қоямыз. Бұл этикалық нормаға кереғар. Оны жинап, бір жерге іліп қою керек.