Етіс жұрнақтары сөз тудыра ма?


Етіс тұлғаларының бірінің үстіне екіншісінің жалғана алу қабілетінің болуы оларды сөзжасам қосымшаларына ұқсатады



бет3/6
Дата16.06.2023
өлшемі28,85 Kb.
#101799
1   2   3   4   5   6
Етіс тұлғаларының бірінің үстіне екіншісінің жалғана алу қабілетінің болуы оларды сөзжасам қосымшаларына ұқсатады. Оларды бірінің үстіне бірі қосылған сөзжасамдық жұрнақпен салыстырып байқайық:

Біл+ім+ді+лік

біл+дір+т+іс

1. Білу қимылынан «білім» дерексіз зат атауы пайда болды.

1. Сабақтылық мəн беретін «біл» етістігіне іс-
əрекетті орындайтын
субъектіні көрсететін мəн үстелді.

2. «Білім»дерексіз зат атауынан субъектінің сапалық қасиетін көрсететін сөз пайда болды

2. -т тұлғасы арқылы тағы да қимылды орындаушы субъект көрінеді

3. Субъектінің сапалық қасиетінен (білімді)
дерексіз затқа қатыстық мəн беретін сөз жасалған.

3. Іс-əрекетті орындаушы тұлға (ортақтасушы,
көмектесуші) көрінеді

Сөзжасамдық қосымшалар қабаттасып келгенде, туындылардың бірі екіншісіне негіз болып, содан өрбіп отырады: біл – білім, білім – білімді, білімді – білімділік; етіс қосымшаларында ондай қасиет жоқ. Біл тұлғасы негіз болады да, біл – білдір, біл біліс түрінде жасала береді. Демек, етіс жұрнақтарының жалғануында түбірдің лексикалық мағынасы емес, грамматикалық сипаты (объектілік-субъектілік қатынасы) маңызды болып тұр. Ал сөзжасамда «білімді» сөзі «білім-сіз» жасалмайды, ал «білімділік» – «білімді» сөзінсіз шықпайды.
Етіс жұрнақтарының қабаттасып қолданылуының тілдік-тарихи себептері де бар болса керек. Байқап қарасақ, өзгелік етістен басқа біркелкі тұлғалар қабаттасып қолданылмайды, көбінесе өзгелік етіс жұрнақтары қабаттасып қолданылатыны көрінеді. Мысалы: жаздыр+ғыз+т. Мұндағы үш қосымшаны синонимдес қосымшалар деуге болады, себебі, бірінің орнына бірін қолдана беруге болады: жаздыр – жазғыз, жазғызт – жаздырт, жаздырғыз –жазғыздыр, жаздыртқыз – жазғыздырт. Ал мағынасына келетін болсақ, «Мұндай тұлғалы етістік баяндауыш болған сөйлемде қимылды тікелей іске асыратын субъектіден басқа іс-əрекетке тікелей я жанама қатынасы бар субъектілер саны артады» /1.177/.
Ғалым С.М. Исаев «Бір сөзге етіс тұлғаларының бірінің үстіне бірінің, тіпті өзгелік етіс қосымшасының өзі бірнеше рет қабаттасып жалғануы таза грамматикалық немесе категориялық грамматикалық тұлғалар қасиеті шеңберінен шығатын белгілер болса керек. Бірақ солай бола тұрса да, етіс қосымшалары əр уақытта өзі жалғанған етістік түбірдің мағынасын, лексикалық мəнін өзгертіп жібере ме немесе əрқашан жаңа лексикалық мағыналы сөз жасай ма? Мысалы: Ол баласына хат жазды. Бұл хат кеше жазылды. Баласына хатты маған жаздырды. Ол екеуі бірбірімен ылғи жазысады. Осы сөйлемдегі хатқа байланысты жазу (жазды//жазылу//жазылды// жаздыру//жаздырды//жазысу//жазысады) етістіктері бөлек-бөлек сөздер ме? Тіпті хатқа байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет