Етіс жұрнақтары сөз тудыра ма?



бет5/6
Дата16.06.2023
өлшемі28,85 Kb.
#101799
1   2   3   4   5   6
Біздіңше, сөз туынды сөз деп танылуы үшін, ең бастысы, негіз бен форманттың бірлігінен, жиынтығынан жаңа сөзжасамдық мағынаның, одан лексикалық мағынаның пайда болуы шарт. Мəселен, кел менен келіс сөздерінің арасында қандай да бір мағыналық байланыс болуы (келу қимылымен байланысты болуы) керек. Мұндағы (өзара) келісу қимылының келуден тумағандығы көрініп тұр. Келу – объектіге бағытталған жүріс мəнін берсе, келісу – ортақ пікірге келу мəнін берген. Сондықтан келісу қосымшаның дамуы тұрғысынан алсақ та, қазіргі тіл тұрғысынан алсақ та, олар сөзжасамдық семантикасынан айрылып, етістіктің грамматикалық тұлғасына ауысқан деуге болады.
Б.А.Серебренников: «Ырықсыз етістің –л жəне
н тұлғасы түркі тілдерінде бұрын қимылдың қайталануын білдіретін жұрнақ болған. Бұл мағынаның кейбір қалдықтары түркі тілдерінде қазіргі дейін сақталған (тат. сыйпа – сыйпала, буқмоқ – буқламақ). Қимылдың көп қайталануы, дүркінділігі негізінде əдетке айналатын ұдайы болатын қимыл мағынасы қалыптасады. Қимыл-əрекет ұдайы, күн сайын қайталана берсе, оның адамның өзі үшін аса маңызы болғаны. Сөйтіп, өздік етіс қалыптасады».
/10.216/. Демек, қимылдың қайталануы болсын, субектінің өзі істеуі болсын, етістіктің грамматикалық сипатын білдіреді.
Жалпы алғанда, етіс тұлғалары семантикалық жағынан, қолданысы жағынан, шығу тегі жағынан біркелкі емес. Сол себепті олардың əрқайсысының осындай ерекшеліктерін айқындау, тарихи төркінін табу арқылы ғана олардың сөз тудырушылық немесе сөзжасамдық сипатын нақты айқындауға болады. Дегенмен, қазіргі тіл тұрғысынан етіс қосымшаларының сөзжасамдық сипаты жоқ деп ойлаймыз.
келу етістігінен тумаған, -іс – етіс жұрнағы емес. Ал
кел+тірді, кел+гізді десек, олардың екеуінде де келу қимылы сақталып қалған, жаңа мағына, бөгде қимыл мəні жоқ. Сондықтан бұларды жеке-жеке сөздер емес, бір сөздің əр түрлі формалары ретінде қараймыз.
Етіс жұрнақтарының семантикасын, оның сөзжасамға қаншалықты қатысты екенін анықтау үшін олардың шығу төркінін қарастырған жөн. Түркітанушылардың көрсетуінше, өзгелік етістік ең байырғы тұлғасы -т болған да, оның –тыр, -тір, дыр,-дір тұлғалары содан қалыптасқан, ал –т жұрнағы ет мəнін беретін көмекші етістіктен шыққан (ат-ет-т). Ал ат ет көмекші етістіктері бір кезде толық мағыналы лексикалық сөз болған /9.144
/. Демек, түбірден көмекші сөз, көмекші сөзден қосымша қалыптасқан. Яғни өзгелік етіс тұлғаларының сөзжасамдық мағына тудыруға жақындығының осындай тарихи негізі бар деген сөз. Дегенмен,



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет