№ 12-сабақ. Азиада алауы. Сабақты және салт етістік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;
6.4.4.2 Етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Бағалау критерийі
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
Детальді ақпаратты анықтайды;
Салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді. Салт етістіктер: барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі сөздермен тіркесуі мүмкін, бірақ табыс септігіндегі сөзбен байланыспайды.
Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас, үй өртенді.
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді. Кімді?нені? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шығар, шашыңды сана, төсекті сал.
1-тапсырма. Тыңдалым мәтіні. 2011 жылы Қазақстанда тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары өтті.
VII Қысқы Азиада ойындарына әлемнің 27 елінен мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыстардың бағдарламасына 11 спорт түрі енгізілді.
Қазақстан осы ойындарда қысқы Азиадада алтын медаль саны
бойынша рекорд жаңартып, 32 алтын медаль иеленді және жалпыкомандалық есепте айқын басымдылықпен бірінші орынды жеңіп алды. Біздің құрамамыздың қоржынында 70 награда болса, оның 21-і күміс және 17-сі қола медальдар.
Екінші орынды 13 алтын, 24 күміс және 17 қола медаль алып, Жапония иеленді. Үшінші орынға 13 алтын, 12 күміс және 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды 11 алтын, 10 күміс және 14 қола медальмен Қытай алды.
Жарыстың барысын шетелдік 2 мыңнан астам журналист, ғаламшардың 500 миллионнан астам тұрғыны тамашалады.