Етіс категориясын оқытудың көкейкесті мәселелері



бет2/3
Дата10.11.2022
өлшемі73 Kb.
#48934
1   2   3
Байланысты:
sciPaper93316

айтыс, сатыс, сөйлес, жазыс, біліс, ақылдас, көмектес, татулас,
жұлыс, төгіс, егіс, жасас мұңдас, тілдес, сырлас

Бірінші қатардағы етістердің түбірі етістікке негізделген, яғни етістіктен жасалған туынды етістіктер. Екінші қатардағы қимылдың иесін білдіретін етістіктердің түбірі есім сөздерге негізделген. Сондықтан, екінші қатарда берілген –лас,-лес,-дас,-дес жұрнақтары екі түрлі қызмет атқарып тұр. Бірін – шісі – есім сөздерден туынды етістік жасау, екіншісі – ортақ етіс мәнін иелендіру. Жіктеуге келмейтін, тұтас қалпында ортақ етіс қызметін білдіре- тін санаулы етістіктер бар. Олар – төбелес, күрес,алыс.


Етістіктің етіс категориясын оқыту ғылыми тұжырымдардың қайтадан қаралу мәселесіне көңіл аудартады. Заманның ағымына сай тілдік оралымдар да тілдік нормадан ауытқып, басқа тілдің грамматикалық үлгісіндегі аударма- ның жетегіне еріп кетеді. Әйтпесе, «Біз ашылдық» үлгісіндегі сөз қолданысты қай етіске жатқызар едік. Әр оқытушы жазылған оқулықтағы түрлі тақырыптарды жеткізіп, оқытып, тосын сұрақтарға жауап береді.
Біздің етіс категориясын оқытудағы күрделі құбылыстарды көрсете отырып, олардың шешімін табу жолдарын ұсынуымыз да - көкейкесті мәселелердің шешімін табудың амалы.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сауранбаев Н, Қазақ тілі (педучилищеге арналған), Алматы -1953.


2.Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі (морфология), Алматы -1991.
3.Исаев С, Қазіргі қазақ тілі (морфология), Алматы – 2007.
4.Әбуханов Ғ, Қазақ тілі (педучилищеге арналған), Алматы-1981.
5.Қазақ тілі грамматикасы (академиялық), 1-том, Алматы- 1967.


Абстракт


К.Қадырқулов- к.ф.н. kksh1957@gmail.com
Садыкова Р.К.- к.ф.н. roza.sadikova@mail.ru
Актуальные проблемы методики обучения категории залога
Научные исследования по проблеме обучения категории залога глаголов казахского языка в настоящий момент вновь вызывают к себе внимание. В соответствии с современными течениями языковые обороты тоже отклоняются от языковых норм, следуя грамматическим образцам других языков. Каждый учитель должен быть особенным методистом. Автор учебного пособия может не стоять перед учащимся и студентом, учителю же приходится объяснять разные темы этого учебника, и обучать, и отвечать обоснованно на неожиданные вопросы по этой книге. Поэтому для учителя не существуют проблем без решений.
В этой статьи нами предлагаются пути решения вопросов, выявляющих сложные явления в обучении категории залога, что ведет к уменьшению объема актуальных проблем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет