.Етістік дегеніміз не?
А)Заттың не құбылыстың атауын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
В) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін сөздер.
С) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
Д) Заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр- түсі, сипатын білдіретін сөздер.
2. Төмендегі сөз таптарының ішінен етістікті ажыратыңыз.
А) Әдемі, жақсы, жалқау, қызыл В) Адам, табиғат, қар, үй
С) Бес, алтыншы, төрттен бір, жетеу Д) Бар, кел, ойна, оқы
3. Дара етістікті табыңыз.
А) Жауып тұр, бара жатыр, ойнап жүр
В) Жауды, ұқпа, үтікте, сана
С) Тарсылдады, тәрбиеледі, айдап келді, басқарып отыр
Д) Барып еді, келген екен, жүріп келе жатыр, айтып барған еді
4. Туынды етістіктерді ажыратыңыз.?
А) Ойна, шегеле, басқар, арқала В) Ал, айтқыз, келер, тұр
С) Оқы, ақ, айт, жаса Д) Айтып тұр, білді, тындырады
5. Есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақтарды табыңыз..
А) –мақ, -мек, -ғалы,- гелі, -у В) –ын, -ін, -с, -тыр, -тір
С) –ғыз, -гіз, -ар, -ер, -ып, -іп Д) –ла, -ле, - да, -де, -ық, -ік, - қар, -кер
6. Үнемі көмекшілік қызмет атқаратын көмекші етістіктерді табыңыз.
А) айт, сөйле, отыр, жүр В) е, де, ет, жазда
С) жатыр, тұр, бар, қайт Д) ер, бара жатыр, келіп отыр, жаз
7. Болымды етістік дегеніміз не?
А) Іс- әректтің болмауын, орындалмауын, жүзеге аспауын білдіретін етістіктер
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
С) Күрделі етістіктің құрамында келіп, көмекшілік қызмет атқаратын етістік
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге асырылуын білдіретін етістіктер
8. Болымсыз етістіктер қалай жасалады?
А) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ба, -бе, -па, -пе, -ма, -ме жұрнақтарының жалғануы арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы
В) ) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер жұрнақтарының жалғануы арқылы және болымды етістікке еді, де сөздерінің тіркесуі арқылы
С) Негізгі етістікке –ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы
Д) Туынде етістікке –дыр, -дір, тыр,-тір, ғыз,- гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |