23. Мөлшер үстеулерін табыңыз.
А) тысқары, артта, бермен, төмен, ілгері, асты- үстінен В) біраз, осындайлық, недәуір, әжептәуір, онша, анағұрлым
С) шарасыздан, амалсыздан, құр босқа, жоққа, текке Д) азар, дереу, жылдам, баяу, кенет, қаннен-қаперсіз
24. Күшейткіш үстеулері қандай сөз таптарымен тіркеседі?
А) зат есіммен, үстеумен В) сан есіммен, етістікпен
С) есімдікпен, шылаумен Д) сын есіммен, етістікпен
25. Мақсат үстеулерін табыңыз.
А) әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп, біле тұра В) бірен- саран, талай, бірқыдыру, азғана, соғұрлым
С) бұрыннан, жаздай, әзір, жыл бойы, әнеугүні, жаңа Д) қазақша, орысша, дәл, әншейін, жайдан- жай, жедел
26. Себеп- салдар үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?
А) қашан? қашаннан? қай уақыттан? В) қалай? қайтіп? қалайша? кімше?
С) неге? не себепті? қалай? Д) қандай? қалай? не мақсатпен?
27. Дұрыс жазылған үстеулердің қатарын белгілеңіз.
А) таң сәріде, бірте- бірте, қыстыгүні, абайсызда, биыл В) бұл жыл, емін еркін, бір қыдыру, кейкүні, әрі бері
С) не ғұрлым, оқта текте, некенсаяқ, таң- ата, ауық ауық Д) білетұра, бір талай, со ғұрлым, өте мөте, был тыр
28. Еліктеу сөздер дегеніміз не?
А) Айналадағы ( табиғаттағы) әртүрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл- әрекеттеріне еліктеуден туған немесе қимыл- әрекетті бейнелеп тұратын сөздер
В) Қимыл, іс- әрекеттің, сын- сапаның әр түрлі белгілерін , сипатын, жай- күйін білдіретін сөздер. Олар өзгертулерге келмейді, грамматикалық тұлғалармен түрленбейді.
С) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін сөздер.
Д) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
29. Туынды еліктеуіш сөздерді табыңыз.
А) тарс, сарт- сұрт, зу, күрт- күрт, ерби В) селк- селк, талтаң- талтаң, ду, ыршу, қылт- қылт
С) сылдыр- сылдыр, шолп- шолп, жалт, баж, былқ Д) алшаң, арбаң, ирең, сымпың, кілтің, бағжаң
30. Бейнелеуіш сөздерді табыңыз.
А) пыр, тырс, сақыр- сұқыр, күрт, гүрс, шарт- шұрт В) күмбір, сақ- сақ, сылқ- сылқ, күжіл, гүріл
С) жылт, ербең, жалп, томпаң, қайқаң, лып Д) дүңгір- дүңгір, арс, борт- борт, ыз- ыз, тарп
Достарыңызбен бөлісу: |