Етістікті түрлендіретін тұлғаларды түбірге қосылу ретіне, тәртібіне қарай төрт қатарға жіктелуі
Бірінші қатарды етістік түбірге алдымен жалғанатын етіс жұрнақтары құрайды. Етіс жұрнақтары бірінің үстіне бірі жалғана алады.
Екінші қатарда етістікке кейде тікелей түбірге (негізге), кейде етіс жұрнақтарынан кейінгі кезекте қосылатын (-ңқыра, -іңкіре күшейтпелі етістік жұрнағы деп танылатын қосымшаны және қимылдың өту кезеңдері мен амалдарын білдіретін аналитикалық форманттарды есепке алмағанда) болымсыз етістік жұрнағы тұрады.