Етістіктің лексика-семантикалық сипаты


) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі



бет2/4
Дата22.04.2023
өлшемі19,63 Kb.
#85587
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (24)

3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтары келер шақ көсемше жасайды. Мысалы, айтқалы отыр, кеткелі жатыр, оқығалы жүр, келгелі отыр.
Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды, яғникөсемше көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Тек -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер ғана жіктеледі, ал -ғалы, -гелі, -қалы, -келітұлғалы көсемшелер жіктелмейді.
КӨСЕМШЕНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
1. Күрделі етістіктің құрамында жіктеліп келген жағдайда көсемше баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Біз ақырынәңгімелесіп келеміз (не істеп келеміз?)
2. Іс-әрекеттің амалын, мақсатын, т.б. білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Қасқырлар жылқығатоптанып (қалай?) келіп шапты.
ЕСІМШЕ
Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылатын етістіктің ерекше түрі. 
Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін: Айтылған (қандай?) сөз – атылған (қандай?) оқ;кім? не? деген сұраққа жауап беріп,бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес (кім?) түйені де көрмесАқылды байқап сөйлер.(қайтер?)
ЕСІМШЕНІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Есімше төрт түрлі жолмен жасалады:
1) -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады;
2) -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін  жұрнағы арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады;
3) -мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек жұрнақтары мақсатты келер шақесімше жасайды;
4) -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары ауыспалы өткен шақ жасайды.
Есімше көптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліп қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет